West Dala ККЖ жобасына қосқан үлесі үшін күміс медальмен марапатталды

2025 жылғы 31 қаңтарда West Dala компаниясы Теңізде ККЖ жобасы аясындағы жұмысын аяқтады. Біздің серіктесіміз – Теңізшевройл – жобаның аяқталуына орай салтанатты жиын ұйымдастырып, үздік мердігерлерді марапаттады. Олардың қатарында Теңіздегі West Dala командасы да болды, ол күміс медальға ие болды. FGP/WPMP Talent Manager Ричард Морганның қолы қойылған Алғыс хатта бұл марапаттың айтарлықтай ықпал мен мінсіз қызмет көрсеткені үшін берілгені атап өтілді.

Біздің командамыз ККЖ жобасында 2019 жылдан 2025 жылға дейін, 5 жыл бойы жұмыс істеп, мобильді дәретханалық кешендерді жалға беру және қызмет көрсету, су жеткізу, аумақтарды тазарту және шаруашылық-тұрмыстық суларды сору қызметтерін ұсынды. Сонымен қатар, компания барлық ККЖ нысандарында, соның ішінде 3GP зауыты, 3GI Gasering, Construction Compound, Orken Village объектілерінде 2000-нан астам бункерлер, еуроконтейнерлер және стандартты контейнерлерді жалға беріп, қызмет көрсетті. Біз жұмыс істеген барлық уақыт ішінде бірде-бір оқиға тіркелмегенін және біздің қызметіміз ең жоғары стандарттарға сәйкес келгенін мақтанышпен айтамыз.

Бұл – бүкіл West Dala командасының жетістігі! Кәсібиліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз және жобаның сәтті іске асырылуына қосқан үлестеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз!

 

                          

Толығырақ:

Күздің басында компания қызметкерлері Атырау қаласының Экология департаменті ұйымдастырған сенбіліктерге қатысты. Акциялар аясында Көктем және Жұмыскер шағынаудандарындағы Жайық өзенінің жағалау аумақтарын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Білім беруді қолдау — болашаққа салынған инвестиция. «West Dala» ЖШС Әлеуметтік жауапкершілік бағдарламасы аясында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің студенттеріне білім беру гранттарын табыстады.

West Dala «Мектепке жол» акциясы аясында балаларды қолдайды. Жаңа оқу жылы қарсаңында West Dala компаниясы аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға «Детский мир» дүкеніне арналған сертификаттар түрінде материалдық көмек көрсетті.

Қалдықтарды басқарудың зияткерлік жүйесі