ТАБИҒАТТЫ БІРГЕ САҚТАЙМЫЗ!

Маусым айының басында «ТАБИҒАТТЫ БІРГЕ САҚТАЙМЫЗ!» эстафетасын «Прорва» ҚЖК қызметкерлері «Теңіз» ҚЖК әріптестерінен қабылдады. Нысан қызметкерлері сенбілік ұйымдастырып, оған инженерлік-техникалық құрам да, жұмысшылар да белсене қатысты. Олар қоршаған ортаның тазалығын қамтамасыз етуге тырысып, кешен аумағында ғана емес, оның сыртында да тазалық жұмыстарын жүргізе бастады.

Сенбілікке дейін қауіпсіз жұмыс қағидаттарына сәйкес қауіпсіздік ережелері бойынша арнайы брифинг өткізілді. Қатысушыларды қауіпті жәндіктердің болуымен және қатты ыстықпен байланысты болуы мүмкін қауіппен таныстыру маңызды болды. Сенбілік барысында қоқыс пен қалдықтар жиналып, түрлері бойынша бөлініп, өңдеуге және кәдеге жаратуға жіберілді.

Енді эстафетаны “Қошанай” қызметкерлеріне тапсырып, осы нысандағы қоғамдық жұмыс күнінен фоторепортаж күтеміз. Аулаларыңыз бен саябақтарды тазалау арқылы осы бастамаға қосылуға шақырамыз!

Табиғатымызды бірге таза және жасыл етейік!

 

                                

Толығырақ:

West Dala компаниясының мамандары – эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масәлімова 2026 жылғы 2–3 шілде күндері Астана қаласында өткен «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу» X Еуразиялық бизнес-форумына (GEWR’26) қатысты.

West Dala командасы Атырау облысы бойынша Экология департаменті ұйымдастырған «Таза жағалау» экологиялық акциясына қатысып, басқа да ұйымдармен бірге Атырау ықшам ауданының жағалау аумағын тазалау жұмыстарына белсене атсалысты.

Орал қаласында West Dala компаниясы «Өңірдің болашағы: Даму стратегиясы» атты II өңірлік инвестициялық форумға қатысты.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Вест Дала» ЖШС Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінің балаларына қайырымдылық көмек көрсетті. Жиырма бес бүлдіршіннің әрқайсысына «Балалар әлемі» дүкенінен қажетті заттарды сатып алуға арналған номиналы 25 000 теңгелік сыйлық сертификаттары табыс етілді.