Жас боксшының жеңісі

Осы маусымда West Dala компаниясы 27 сәуір Алматыда өткен «IBA чемпиондарының түні» турниріне қатысқан жас боксшы Бекзат Нұрдәулетовті қолдады. Биылғы жарыстың мәртебесі артқанын атап өте кетейік: бұрын жекпе-жек көрме түрінде өткен болса, бұл жолы алматылық турнир BoxRec.com сайтындағы боксшылар профилінде бегіленді, демек, ол кәсіби рекордқа енеді.

Бекзат Нұрдәулетов жарыста Доминикан Республикасының боксшысы Луис Антонио Техедті сөзсіз жеңді. Оның кәсібилігі, жеңіске деген ерік-жігері мен шеберлігінің арқасында спортшы киіміндегі біздің логотипіміз осы турнирде жеңіс пен бокс мерекесінің символына айналды! Турнирге дайындалуға көмектескені үшін Бекзат «West Dala» ЖШС Бас директоры Салахаденов Қайрат Шаменұлына алғысын білдірді.

                   Бекзатты жеңісімен құттықтаймыз және одан әрі асуларды бағындыра беруіне тілектеспіз!

                                

Толығырақ:

West Dala «Мектепке жол» акциясы аясында балаларды қолдайды. Жаңа оқу жылы қарсаңында West Dala компаниясы аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға «Детский мир» дүкеніне арналған сертификаттар түрінде материалдық көмек көрсетті.

Қалдықтарды басқарудың зияткерлік жүйесі

«West Dala» ЖШС 2005 жылы 18 шілдеде Атырау облысында құрылды және 21 жыл бойы Компания Қазақстан Республикасында қалдықтарды кешенді басқару саласында жетекші орынға ие болып келеді.

West Dala компаниясының мамандары – эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масәлімова 2026 жылғы 2–3 шілде күндері Астана қаласында өткен «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу» X Еуразиялық бизнес-форумына (GEWR’26) қатысты.