ІСКЕРЛІК ӘДЕП КОДЕКСІ

Күн сайын біз әріптестерімізбен, серіктестермен және басқа да адамдармен араласамыз. Мұны қалай жасаймыз? Құрмет көрсетіп, жалпы қарым-қатынас пен іскерлік әдептің белгілі бір ережелерін сақтаймыз ба? Әр адамның жұмыстағы мінез-құлық нормалары туралы қалыптасқан өз ойы бар, алайда оның компанияның Іскерлік әдеп кодексіне сәйкес келуі маңызды. Мұндай құжат West Dala-да 2023 жылы ESG-трансформациясы аясында мақұлданып, корпоративтік сайтқа жарияланды.

Іскерлік әдеп кодексіне енгізілген қағидаттардың ішінде: әріптестерге, іскер серіктестерге, жеткізушілер мен клиенттерге құрмет көрсету; адам құқықтарын, тең мүмкіндіктерді сақтау және кемсітушілікке жол бермеу; қауіпсіздік техникасы мен денсаулықты қорғауды қамтамасыз ету; заңнаманы сақтау; мүдделер қақтығысын болдырмау; дербес деректер мен құпия ақпаратты қорғау; қабылдаушы тарапты тәуелді жағдайда қалдыратын сыйлықтар мен басқа да ерекше назар аударту белгілерінен бас тарту.

West Dala-ның барлық қызметкерлері міндетті түрде Іскерлік әдеп кодексінің ережелерімен танысады, сондай-ақ компания қызметкерлерінің міндетіне Іскерлік әдеп кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы өзінің басшысына не сенім білдіретін компаниядағы кез келген лауазымды адамға, сондай-ақ Адами ресурстар және өндірістік қатынастар бөлімінің сенім телефоны бойынша хабарлау кіреді (телефон: +7 7122 309009, ішкі 4211, электронды пошта: wd.hr@westdala.kz).

Компания Іскерлік әдеп кодексінің бұзылуы туралы хабарлаған қызметкерге қатысты қандай да бір шара қолдануға жол бермейді. Барлық қағидаларды сақтау жұмыс ұжымында жайлы, үйлесімді әрі қауіпсіз жағдай жасауда аса маңызды.

Толығырақ:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.

West Dala компаниясының жүргізушісі Имашев Ришат НКОК ұйымдастырған тоқсан сайынғы жүргізушілер форумында IVMS есебі бойынша жоғары көрсеткіштері мен қауіпсіз жүргізгендігінің арқасында атап өтілді.

Құрық аудан орталығында Наурыз салтанатты түрде тойланды. Мерекелік жиында облыс әртістері өнер көрсетіп, жастар қошқар көтеру, садақ ату, асық сияқты ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты.

West Dala "Жер Сағаты" халықаралық экологиялық акциясына қосылды.