СЕНБІЛІК

Ретро-парктағы сенбілік  

Атырауда «Таза Қазақстан» акциясы аясында экологиялық іс-шаралар жалғасуда. Өткен аптада Ретро-паркте кезекті «Таза парк» акциясы өтті, оған түрлі ұйымдардан 250 қызметкер, соның ішінде West Dala компаниясының жұмысшылары қатысты.

«Біздің ұжым әрдайым мемлекеттік органдардың осындай экологиялық акцияларға қатысу туралы шақыруларына үн қосып, Атырауды одан әрі таза және жасыл етуге атсалысады», - деп атап өтті әріптесіміз Қуанғали Елубаев, ол мұндай іс-шараларға үнемі белсенді қатысады. Жарты күннің ішінде көптеген пайдалы жұмыстар атқарылды: саябақ аумағы суарылып, газон төсеуге және суару жүйесін орнатуға дайындалды.

Сонымен қатар, қатысушылар балалар алаңын және қоқыс жәшіктерін тазалап, шамамен 50 тонна қоқыс жинады.

Қаламыз әрдайым таза және көрікті болсын!

 

 

Толығырақ:

Форум аясында тұрақты қаржыландыру, шағын және орта бизнесті дамыту, жауапты жеткізу тізбектерін қалыптастыру, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге қосатын нақты үлесі талқыланды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығы мен «Даму» Халықаралық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «Экология саласының үздігі» республикалық байқауы өтті.

Экологиялық акцияға «West Dala» компаниясының әртүрлі объектілерінің қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ бұл шараға Атырау облысының Экология департаменті қолдау білдіріп, ортақ мақсатқа өз үлесін қосу арқылы атсалысты.

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.