СЕМИНАР "КАЙДЗЕН" – ӨНДІРІСТІ ҮЗДІКСІЗ ЖАҚСАРТУ ЖҮЙЕСІ

Вест Дала компанияда Кайдзен, кәсіпорындарда жүзеге асыруда нақтылы табысқа қол жеткізетін және нақты экономикалық тиімділікті беретін – өндірістік және әкімшілік процестерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды беру жүйесін енгізу бойынша оқу болып өтті. Кайдзен екі иероглифтен тұрады: «КАЙ» «өзгеріс» деген ұғымды білдірсе, «ДЗЕН» «жақсылыққа» деген ұғымды білдіреді, яғни екеуі қосылып «үнемі жақсарту» деген мағына береді.

Кайдзен (kaizen) – бұл ұйымның жұмысын жақсартудың бір түрі. Бұл термин Жапонияда пайда болды және сапа мен басқару жүйесін арттыруға алып келетін өзара байланысты әрекеттердің жүйесі деген дегенді білдіре бастады. Қазіргі таңдағы түсінікте Кайдзен – бұл сапаны, технологияны, процестерді, корпоративтік мәдениетті, еңбек өнімділігін, сенімділікті, көшбасшылықты және Компанияның қызметінің басқа да аспектілерін үздіксіз жақсарту жүйесі дегенді білдіреді.

Кайдзен жүйесінде ең басты назар қызметкерлер құрамына бағытталады, өйткені қызмет көрсетудің «сапасы» қызметкерлерге байланысты болады. Бұл жүйе жақсарту процесіне әрбір қызметкердің – жоғарғы топтағы басшыдан бастап қатардағы қарапайым қызметкерді тартады.

Ұйымның кез келген қызметкері тұрақты түрде аздаған жақсартулар ұсынады. Ұсыныстар ай немесе жылына эпизодты түрде емес, керісінше тұрақты түрде болып отырады. Көп жағдайда ауқымды сипатта емес, аздаған жетілдірулер болып табылады. Кайдзен – жүйесінің мәні де осында – көпке аздаған өзгерістер арқылы сапаның нақты үлкен өзгерісіне алып келу.

Жақсарту бойынша қызметкерлердің енгізетін өзгерістері, мысалы өндірістік немесе маркетингтік болып нақты бір салалармен шектелмейді. Кайдзен жақсартуға қол жеткізуге мүмкіндік бар жердің бәрінде өзгеріс енгізуге негізделген.

Көптеген кәсіпорындар өндірісті жаңғыртуға құралдар іздейді, ал бірақ сол құралдар кей жағдайларда сол кәсіпорынның өз ішінде болып жатады. Өнертапқыштық ұсыныстар бар, сондай-ақ шығынды азайтып және сапаны арттыруға жәрдемдесетін және сонымен бірге жүзеге асыруда үлкен материалдық шығындарды талап етпейтін Кайдзен-ұсыныстар бар. Біздер Кайдзен жүйесін ұстануға дайынбыз, өйткені өзіміздің қызметкерлеріміздің ұсыныстары мен идеяларына оң көзбен қараймыз, өйткені біздің кәсіпорынның өндірістік мәдениетінің деңгейін солар анықтайды.

  

Толығырақ:

Х. Досмұхамедов атындағы университетте «Қалдықтарды және төгінділерді басқару» тақырыбында дәріс өтті. West Dala компаниясының экологтары — Айнагүл Сагиева мен Ислам Сағынбаев — студенттермен мазмұнды кездесу өткізіп, қалдықтармен экологиялық жауапты жұмыс істеудің негізгі принциптерін түсіндірді. Кездесуде қауіпсіз кәдеге жаратудың заманауи тәсілдеріне, экологиялық жүкті азайтуға және тұрақты ортаны қалыптастырудағы бизнестің рөліне баса назар аударылды.

Атырау облысында талантты жастарды қолдау және олардың ғылыми-зерттеу мен өнертапқыштық әлеуетін дамыту мақсатында «Инновациялық идеялар» байқауы өтті. Байқауға West Dala компаниясының мамандары — эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масалимова қазылар алқасының мүшелері ретінде шақырылды.