SDG Ambition

2024 жылдың 28 наурызында West Dala компаниясы БҰҰ-ның сарапшылары компаниялардың стратегиялық және операциялық қызметіне 17 Тұрақты даму мақсатын (ТДМ) біріктіріп, қолдануға әзірлеген білім беру курсы – SDG Ambition бағдарламасына қатысуын аяқтады. Бұл бағдарлама алғаш рет Орталық Азия елдерінде жүзеге асырылып, үлкен қызығушылық тудырды - акселераторда Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 40 компанияның 100-ден астам өкілі қатысты. Нәтижесінде 31 компанияның 62 өкілі оқуын сәтті аяқтай алды. Өткен шарада барлық өкілге БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты координаторы Микаэла Фриберг-Стори ханым мен Қазақстандағы БҰҰ-ның жаһандық шартының елдік координаторы Динара Сейджапарова ханымның қолынан БҰҰ-ның жаһандық шартының сертификаттары табыс етілді. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) – бұл теңсіздікпен күресуге, сондай-ақ планетаны қорғауға және бүкіл халық үшін бейбітшілік пен өркендеуді қамтамасыз етуге бағытталған жаһандық қабылданған мақсаттар. Акселераторға қатысу ESG трансформациясын ілгерілетуге және Тұрақты даму мақсаттарын West Dala компаниясының операциялық қызметіне біріктіруде көмектесуге арналған, бұл шара өз кезегінде қаржылық көрсеткіштерді жақсартып, инвестициялық тартымдылықты арттырады.

 

                            

Толығырақ:

West Dala компаниясының мамандары – эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масәлімова 2026 жылғы 2–3 шілде күндері Астана қаласында өткен «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу» X Еуразиялық бизнес-форумына (GEWR’26) қатысты.

West Dala командасы Атырау облысы бойынша Экология департаменті ұйымдастырған «Таза жағалау» экологиялық акциясына қатысып, басқа да ұйымдармен бірге Атырау ықшам ауданының жағалау аумағын тазалау жұмыстарына белсене атсалысты.

Орал қаласында West Dala компаниясы «Өңірдің болашағы: Даму стратегиясы» атты II өңірлік инвестициялық форумға қатысты.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Вест Дала» ЖШС Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінің балаларына қайырымдылық көмек көрсетті. Жиырма бес бүлдіршіннің әрқайсысына «Балалар әлемі» дүкенінен қажетті заттарды сатып алуға арналған номиналы 25 000 теңгелік сыйлық сертификаттары табыс етілді.