САЙТҚА КІРУ

«AMANAT» партиясының Атырау облыстық филиалының өңірлік экологиялық кеңесі өкілдері Атырау облысы Экология департаментінің және Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшылығымен бірлесе отырып, «West Dala» ЖШС-нің Қалдықтарды басқару кешеніне (ҚБК) және Қалдықтарды өңдеу және орналастыруға арналған кешенді полигонына (ҚӨЖОКП) сапар жасады. 

Экскурсия барысында біздің қызметкерлер екі нысанда да қалдықтар мен ағынды суларды басқару бойынша жабдықтар мен әдістерді көрсетті.

ҚБК-де қонақтар келесі жабдықтардың жұмысымен танысты:
• Сұйық қалдықтарды, мұнай шламдарын, мұнай және химиялық заттармен ластанған топырақты залалсыздандыруға арналған роторлы инсинератор;
• Барлық типтегі люминесцентті шамдар мен сынапты жабдықтарды термиялық демеркуризациялайтын қондырғы;
• Әртүрлі қалдықтарды экологиялық қауіпсіз жоғары температуралық залалсыздандыру және кәдеге жарату қондырғысы.
Делегация сонымен қатар қалдықтарды сұрыптау учаскесін және қайталама шикізатты уақытша сақтау алаңдарын аралады. 

ҚӨЖОКП-ке сапары барысында экологтар мен мемлекеттік органдар өкілдері қауіпті және қауіпсіз қалдықтарды көмуге арналған экологиялық талаптарға сай жобаланған карталармен танысты. Делегация мүшелері ағынды суларды толық циклді тазарту процесін және микробиоремедиация әдісін – мұнаймен ластанған топырақты, мұнай және бұрғылау шламдарын биопрепараттармен тазарту және қайта өңдеудің инновациялық тәсілін көрді. 

«AMANAT» партиясы мен мемлекеттік органдар өкілдері «West Dala» ЖШС нысандарының жұмысымен танысқанына қуаныштымыз. Компания өңірдің тұрақты дамуына елеулі үлес қосуды жалғастырып, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуде заманауи тәсілдерді көрсетуде.

 

 

 

Толығырақ:

Х. Досмұхамедов атындағы университетте «Қалдықтарды және төгінділерді басқару» тақырыбында дәріс өтті. West Dala компаниясының экологтары — Айнагүл Сагиева мен Ислам Сағынбаев — студенттермен мазмұнды кездесу өткізіп, қалдықтармен экологиялық жауапты жұмыс істеудің негізгі принциптерін түсіндірді. Кездесуде қауіпсіз кәдеге жаратудың заманауи тәсілдеріне, экологиялық жүкті азайтуға және тұрақты ортаны қалыптастырудағы бизнестің рөліне баса назар аударылды.

Атырау облысында талантты жастарды қолдау және олардың ғылыми-зерттеу мен өнертапқыштық әлеуетін дамыту мақсатында «Инновациялық идеялар» байқауы өтті. Байқауға West Dala компаниясының мамандары — эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масалимова қазылар алқасының мүшелері ретінде шақырылды.