Персоналды дамыту

Вест Дала, басқа компаниялар сияқты өзінің қызметкерлеріне түрлі оқулар ұсына отырып, қызметкерлер құрамын дамытуға күш салады. Қызметкерлерді оқыту дегеніміз – ең алдымен компанияның өзінің табысының кепілі болып табылды. Сондықтан да, бас және еншілес компанияның қызметкерлері «Мұнаймен ластанған топырақтарды және мұнай шламдарын қалпына келтіру үшін Көп құрамды Микробиологиялық GRAN» (ММП «GRAN») Препаратын қолдану» тақырыбы бойынша жақында оқудан өткендігі туралы жаңалықпен бөліскіміз келеді. Енді біздің компания мұнай қалдықтарын басқаруды өзінің сертификатталған мамандарына сеніммен тапсыра алады.

  

Толығырақ:

Х. Досмұхамедов атындағы университетте «Қалдықтарды және төгінділерді басқару» тақырыбында дәріс өтті. West Dala компаниясының экологтары — Айнагүл Сагиева мен Ислам Сағынбаев — студенттермен мазмұнды кездесу өткізіп, қалдықтармен экологиялық жауапты жұмыс істеудің негізгі принциптерін түсіндірді. Кездесуде қауіпсіз кәдеге жаратудың заманауи тәсілдеріне, экологиялық жүкті азайтуға және тұрақты ортаны қалыптастырудағы бизнестің рөліне баса назар аударылды.

Атырау облысында талантты жастарды қолдау және олардың ғылыми-зерттеу мен өнертапқыштық әлеуетін дамыту мақсатында «Инновациялық идеялар» байқауы өтті. Байқауға West Dala компаниясының мамандары — эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масалимова қазылар алқасының мүшелері ретінде шақырылды.