ӨНДІРІСТІК БҰЙРЫҚТАР

Сәуір айында «Теңізшевройл» (ТШО) сервистік компанияларға арналған форумы өтті, оған West Dala өкілдері қатысты. Шара аясында West Dala ЖШС жоба учаскесінің менеджері Андрей Марков «Өндірістің өсиеттерін түсіндіруге арналған мысалдар» атты презентация жасады. «Компания 2008 жылдан бері өндірістік және тұтыну қалдықтарын кешенді басқару бойынша қызмет көрсететін ТШО-мен ынтымақтастықта. Жоба бойынша жұмыстың алғашқы күндерінен бастап біз барлық қызметкерлердің Еңбек қауіпсіздігі мәдениеті қағидаттарына деген ынтасын дамытуға ерекше көңіл бөлеміз», - деді менеджер, West Dala жұмысында өсиеттердің қолданылуын көрсете отырып. Форумда осы тақырыпқа арналған бейнеролик те көрсетілді.

Қызмет көрсетуші ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланған соң ТШО серіктестерін марапаттау рәсімін өткізді. Қалдықтарды біркелкі және қауіпсіз басқаруды қамтамасыз етуде ТШО ұжымы үшін таптырмас қолдауға айналған орасан зор үлесі, міндеттемесі және адалдығы үшін West Dala компаниясының келесі қызметкерлері Алғыс хаттарға ие болды: Ринат Есімов – ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ саласындағы маман, Саламат Мұханов – жоба жетекшісі, Исмағұл Қабдулов – учаскенің үйлестірушісі, Райымбек Тоғжан – ЭЕӘ маманы.

Барлық марапатталғандарды құттықтаймыз! Бәрекелді!

 

 

Толығырақ:

Х. Досмұхамедов атындағы университетте «Қалдықтарды және төгінділерді басқару» тақырыбында дәріс өтті. West Dala компаниясының экологтары — Айнагүл Сагиева мен Ислам Сағынбаев — студенттермен мазмұнды кездесу өткізіп, қалдықтармен экологиялық жауапты жұмыс істеудің негізгі принциптерін түсіндірді. Кездесуде қауіпсіз кәдеге жаратудың заманауи тәсілдеріне, экологиялық жүкті азайтуға және тұрақты ортаны қалыптастырудағы бизнестің рөліне баса назар аударылды.

Атырау облысында талантты жастарды қолдау және олардың ғылыми-зерттеу мен өнертапқыштық әлеуетін дамыту мақсатында «Инновациялық идеялар» байқауы өтті. Байқауға West Dala компаниясының мамандары — эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масалимова қазылар алқасының мүшелері ретінде шақырылды.