МАРАПАТ ХАТ

 

2020 жылдың қаңтарында West Dala ЖШС командасы ТЕНГИЗШЕВРОЙЛ компаниясынан Болашақ Кеңейту Жобасы аясында Мадақтау грамотасымен ерекше атап өтілді.

TCO FGP менеджері Бенджамин Джерардо Вилла де Леон Перездің қолы қойылған грамотада, West Dala командасы  сервистік  қызметтер көрсету, өзара қарым-қатынастар құру, жобаны іске асыруға ықпал ету, сонымен қатар ТШО тиімділігі жоғары мінез-құлық модельдеріне бейімділік үшін марапатталды.

West Dala ТШО-мен 2012 жылдан бастап, өндіріс  және  тұтыну  қалдықтарын басқару бойынша қызметтерді көрсете отырып, 2012 жылдан бастап ынтымақтасып келе жатқанын  атап өту маңызды. 2018 жылдан бастап Компания, сонымен бірге болашақ кеңейту жобасында (БКЖ) қалдықтарды басқару бойынша ынтымақтасып келеді.

West Dala қалдықтарды басқару саласында ТШО жобасын іске асыру үшін, 2019 жылы «Тенгиз» ЖШК құрды және оны қолданысқа енгізді, мамандандырылған техниканы, контейнерлік инфрақұрылымды сатып алды, сонымен қатар «Прорва» ЖШК екінші нысанының құрылысын жалғастырып келеді, онда қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жаңа қолжетімді технологияларды орналастыратын болады. Осы  West Dala жобасының арқасында, барлық  Қазақстандағы мамандар үшін жұмыс орындарын ұсына алды және осы мамандар ТШО мердігер ұйымдарымен бірге қызметтер көрсетеді. Осылайша, ТШО мен West Dala жемісті ынтымақтастығы Тенгиз кен орнындағы қалдықтарды басқару жүйесін жақсартуға ықпалын тигізеді.

Толығырақ:

Х. Досмұхамедов атындағы университетте «Қалдықтарды және төгінділерді басқару» тақырыбында дәріс өтті. West Dala компаниясының экологтары — Айнагүл Сагиева мен Ислам Сағынбаев — студенттермен мазмұнды кездесу өткізіп, қалдықтармен экологиялық жауапты жұмыс істеудің негізгі принциптерін түсіндірді. Кездесуде қауіпсіз кәдеге жаратудың заманауи тәсілдеріне, экологиялық жүкті азайтуға және тұрақты ортаны қалыптастырудағы бизнестің рөліне баса назар аударылды.

Атырау облысында талантты жастарды қолдау және олардың ғылыми-зерттеу мен өнертапқыштық әлеуетін дамыту мақсатында «Инновациялық идеялар» байқауы өтті. Байқауға West Dala компаниясының мамандары — эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масалимова қазылар алқасының мүшелері ретінде шақырылды.