МАРАПАТТАРЫ

Құттықтаймыз! Лайықты марапатыңызбен!

Қараша айында ККЖ жобасының 3GP нысанында әріптесіміз, учаске үйлестірушісі Қабдолов Саламат ТШО-ның алғыс хатымен және қола медалімен марапатталды.

Бұл марапат еңбек қауіпсіздігін нығайтуға қосқан үлкен үлесін мойындау болып табылады. ТШО сертификатында атап көрсетілгендей, Қабдолов Саламат жоғары жауапкершілік деңгейін көрсетіп, ықтимал қауіптер мен оқиғаларды тұрақты түрде анықтап, қажетті шаралар қабылдау үшін дер кезінде басшылыққа хабарлап отырады. Оның белсенді ұстанымы мен клиент пен BP басшылығы арасындағы тиімді қарым-қатынасты жолға қоя білуінің арқасында команда жұмысы қауіпсіз әрі нәтижелі бола түсті. 

Кәсібилік пен өз ісіне адалдықтың үлгісі болып табылатын әріптесіміз Қабдолов Саламатты құттықтаймыз!

                                      

Толығырақ:

Х. Досмұхамедов атындағы университетте «Қалдықтарды және төгінділерді басқару» тақырыбында дәріс өтті. West Dala компаниясының экологтары — Айнагүл Сагиева мен Ислам Сағынбаев — студенттермен мазмұнды кездесу өткізіп, қалдықтармен экологиялық жауапты жұмыс істеудің негізгі принциптерін түсіндірді. Кездесуде қауіпсіз кәдеге жаратудың заманауи тәсілдеріне, экологиялық жүкті азайтуға және тұрақты ортаны қалыптастырудағы бизнестің рөліне баса назар аударылды.

Атырау облысында талантты жастарды қолдау және олардың ғылыми-зерттеу мен өнертапқыштық әлеуетін дамыту мақсатында «Инновациялық идеялар» байқауы өтті. Байқауға West Dala компаниясының мамандары — эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масалимова қазылар алқасының мүшелері ретінде шақырылды.