West Dala компаниясының мамандары – эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масәлімова 2026 жылғы 2–3 шілде күндері Астана қаласында өткен «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу» X Еуразиялық бизнес-форумына (GEWR’26) қатысты.
West Dala компаниясының қызметкерлері өткен демалыс күндері ICE RACE 2024 Atyrau Marathon қысқы жарыста жүлделі орындарға ие болды!
2-ші орын денсаулық сақтау қызметінің маманы Гаухар Бекетаеваға, 3-ші орын химик-технолог Айымжан Нұрмұхановаға бұйырды. Спортшыларымыз бен аруларымыз мұндай марафондарға бірінші рет қатысып отырған жоқ, әр жолы өз нәтижелерін жақсартып келеді. ICE RACE 2024 жарысындағы Atyrau Marathon-нан алынған жүлделер ауа-райының қолайсыздығы мен қысқы марафонның жағдайын ескерсек, ерекше құнды. «Қайтар жолда көк тайғақ болып, жел соқты, қарқынымыз түсіп отырды, бірақ біз тапсырманы орындадық», - дейді әріптестер. Айтпақшы, атыраулық марафоншылар -2С температурада 5 шақырым қашықтыққа жүгірді.
Біз әріптестеріміздің жүлделерімен мақтанамыз, оларға зор денсаулық және алда жеңістер тілейміз!
(1).jpeg)
.jpeg)