West Dala компаниясының мамандары – эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масәлімова 2026 жылғы 2–3 шілде күндері Астана қаласында өткен «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу» X Еуразиялық бизнес-форумына (GEWR’26) қатысты.
Жақында мектепке! Бұл балаларды жаңа оқу жылына дайындаумен байланысты болатын қуанышты оқиға екенін бәріміз білеміз. Соған рюкзактар, мектеп формасы, кеңсе тауарлары, спорттық киімдер және т.б. заттарды сатып алу керек. Биыл West Dala осы кезеңде қолдауды қажет ететін қызметкерлер үшін Білім күніне арнайы әлеуметтік бағдарламаны кеңейтті. Серіктестіктің Атырау, Атырау облысы және Ақтау қаласындағы нысандарында отбасындағы әр балаға 25 мың теңгеден ірі сауда желісінің сертификаттарын 22 қызметкер алды. Осылайша, жаңа оқу маусымы қарсаңында 52 оқушыға қолдау көрсетілді.
Компания атынан барша студенттерді келе жатқан Білім күнімен құттықтаймыз! Сіздерге қызықты оқу және зор денсаулық тілейміз!
.jpeg)
(1).jpeg)