КӨРСЕТКІШТЕР

Жоғары деңгейлі жұмыс

West Dalа сервистік компаниясының қызметінде көлік пен өндірістегі еңбек қауіпсіздігі мен қаржылық және кадрлық бақылауға ерекше назар аударылады. Бұл бағыттардағы жұмысқа кәсіби көзқарас осы жылдың сәуір айында жүргізілген ТШО аудиттерімен расталды.

ТШО Өндірістік қатынастар бөлімі ай сайынғы аудит қорытындысына сай Кадрлар және бухгалтерия бөлімінің құжаттамасына жоғары баға берді (94%). Kөлік құралдарын басқарудың негізгі аудиті – MVS нәтижесі бойынша West Dala компаниясы ең жоғарғы «жасыл» деңгей – «Grade A» деңгейіне ие болды. Жылдық CHESM аудитінің (Contractor HSE Management Qualification –мердігерлік ұйымдардағы ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ мәселелерін басқару жөніндегі ТШО процесі) қорытындысы бойынша да компанияға жоғары баға берілді (94%). Осылайша, West Dala компаниясы «Grade A» жоғары рейтингі мәртебесін сақтап қалды.

Жүргізілген тексерулер компаниядағы денсаулық сақтау, еңбек қатынастары және қоршаған ортаны қорғау жүйесі ТШО талаптарына толық сәйкес келетіндігін көрсетті. West Dala компаниясы ТШО мен Қазақстан заңнамасының барлық талаптарын сақтай отыра жұмысын жалғастырмақ.

Толығырақ:

West Dala компаниясының мамандары – эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масәлімова 2026 жылғы 2–3 шілде күндері Астана қаласында өткен «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу» X Еуразиялық бизнес-форумына (GEWR’26) қатысты.

West Dala командасы Атырау облысы бойынша Экология департаменті ұйымдастырған «Таза жағалау» экологиялық акциясына қатысып, басқа да ұйымдармен бірге Атырау ықшам ауданының жағалау аумағын тазалау жұмыстарына белсене атсалысты.

Орал қаласында West Dala компаниясы «Өңірдің болашағы: Даму стратегиясы» атты II өңірлік инвестициялық форумға қатысты.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Вест Дала» ЖШС Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінің балаларына қайырымдылық көмек көрсетті. Жиырма бес бүлдіршіннің әрқайсысына «Балалар әлемі» дүкенінен қажетті заттарды сатып алуға арналған номиналы 25 000 теңгелік сыйлық сертификаттары табыс етілді.