КОРПОРАТИВТІК ТИМБИЛДИНГ

Соңғы жылдары «West Dala» «Вест Дала» компаниясының қызметкерлерінің саны екі есе өсті. Ұжымның ішінде жұмыс тиімділігін арттыру, табиғатқа шығу, жаңадан келген қызметкерлермен жұмыстан тыс жағдайда танысу, табиғаттан ләззат алу, уақытты командалық және көңілді өткізудің мүмкіндігі ретінде компания басшылығы корпоративтік тимбилдинг ұйымдастыруға шешім қабылдады.

Көптеген әріптестер бұл ұсынысқа қолдау білдіріп және тимбилдингке белсене қатысты. Қызметкерлердің балалары да бір-бірімен және өздерінің ата-аналарымен бірге уақытты көңілді және тату өткізді. Бұл балалар үшін бір мезет қаланың қарбалас өмірінен, барлық гаджеттерден және үйден тыс уақытты белсенді өткізудің жақсы көрсеткіші.

Аталған шараны өткізу орны ретінде қала аумағынан тыс , тимбилдинг өткізуде маңызды роль атқаратын табиғат, таза ауа мен тыныштық сияқты жағдайлары бар «Ақ кайың» демалыс базасы таңдап алынып, дәмді және әдемі дастархан жайылды. Сонымен бірге, өзіндік бағдарламасы бар жүргізуші шақырылды. Қызметкерлердің барлығы түгелдей қызықты және көңілді әртүрлі конкурстарға, шараларға қатысты. Ұжым «Фиксики», «Котики» және «Солнышко» деп аталатын үш командаға бөлінді. Командалардың атаулары мен логотиптерін, олардың ұрандарын сол жерде әріптестер барлық мүшелерімен ақылдаса отырып, өздері ойлап тапты.

Командалар арасындағы өткізілген негізгі конкурстар:

  • биден флэшмоб, мұнда команданың барлық мүшелері жүргізуші қосқан әуенге билеуі керек болды, сонымен бірге барлық қозғалысты команданың бір мүшесі көрсетуі керек, ал қалғандары соны қайталауы тиіс болды.
  • команда шапшаң түрде команданың бес мүшесіне әуе шарын беруі керек және мәреге дейін жетуі қажет.
  • қозғалыс барысында команда мүшелерінің сыбырлап айтуы арқасында жұмулы көзбен лабиринтте жүріп өту.
  • қоласты құралдарыменен команда капитаны команда мүшелерінің барлығына костюмдер дайындап және оларды таныстыруы керек.

Конкурс қорытындысы бойынша командалар төмендегідей орындарға ие болды:

1 орын –«Фиксики» командасы;

2 орын – «Солнышко» командасы;

3 орын – «Котики» командасы.

Барлық конкурстарды, барлық тапсырмаларды орындап болған соң және барлық қорытындыларды шығарғаннан соң әрбір команда белсенді қатысқаны үшін мақтау қағаздарымен марапатталып және айрықша көзге түскен команда бірінші орынды жеңіп алғаны үшін кубокқа ие болды. Сонымен бірге, әртүрлі номинациялар бойынша көзге түскен компанияның кейбір қызметкерлері де марапатқа ие болды.

Корпоративтік тимбилдинг жемісті және тиімді демалыс ретінде ұжымның ауызбіршілігін көрсетті. Мұндай шаралар әріптестердің жеке қасиеттері мен дарындылығын, кей жағдайларда көшбасшылық қасиеттерін аша отырып, командамен жұмыс істеуге, жауапкершілікке, бір-біріне деген сенімге және корпоративтік рухтың көтерілуіне жәрдемдеседі.

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.