КОРПОРАТИВТІК ЭТИКА КОДЕКСІ

West Dala корпоративтік этика кодексін қабылдады. Кодексті әзірлеушілер атап өткендей, онда стратегиялық маңызды шешімдер қабылдау кезінде де, күнделікті жағдайларда да компанияның барлық қызметкерлері өз қызметінде басшылыққа алатын негізгі құндылықтар, қағидаттар мен ережелер бекітілген.

Кодексте Компанияның корпоративтік құндылықтары жазылған:

  • Құзыреттілік және кәсібилік
  • Адалдық пен әділдік
  • Жауапкершілік
  • Ашықтық
  • Адамның жеке басын құрметтеу
  • Патриотизм
  • Шығармашылық
  • Командалық рух


Кодекске сәйкес, компания қызметкерлерге әділ және адал қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, компания еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға кепілдік берудің барлық шараларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ іске асырылуы компания үшін оң әсер ететін қызметкерлердің бастамашыл идеялары мен ұсыныстарын бағалауға, көтермелеуге міндеттенеді.

Толығырақ:

Х. Досмұхамедов атындағы университетте «Қалдықтарды және төгінділерді басқару» тақырыбында дәріс өтті. West Dala компаниясының экологтары — Айнагүл Сагиева мен Ислам Сағынбаев — студенттермен мазмұнды кездесу өткізіп, қалдықтармен экологиялық жауапты жұмыс істеудің негізгі принциптерін түсіндірді. Кездесуде қауіпсіз кәдеге жаратудың заманауи тәсілдеріне, экологиялық жүкті азайтуға және тұрақты ортаны қалыптастырудағы бизнестің рөліне баса назар аударылды.

Атырау облысында талантты жастарды қолдау және олардың ғылыми-зерттеу мен өнертапқыштық әлеуетін дамыту мақсатында «Инновациялық идеялар» байқауы өтті. Байқауға West Dala компаниясының мамандары — эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масалимова қазылар алқасының мүшелері ретінде шақырылды.