West Dala компаниясының мамандары – эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масәлімова 2026 жылғы 2–3 шілде күндері Астана қаласында өткен «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу» X Еуразиялық бизнес-форумына (GEWR’26) қатысты.
Астанада GEWR форумын өткізу кезінде West Dala өкілдері ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қалдықтарды басқару жөніндегі мемлекеттік саясат департаментінің директоры Ошурбаев Мансұр Тұрсынұлын компания нысандарын көруге шақырды. Айтылды-жасалды! Осы аптада біз ҚБК-де қонағымызды қабылдап, қалдықтарды басқару кешенінің қалай жұмыс істейтінін көрсеттік. Жұмыс сапары барысында Ошурбаев мырзамен бірге Бас директор Шәменұлы Қайрат Салахаденов, сондай-ақ өндірістік блок қызметкерлері мен компания экологтары бірге жүрді. Кешенді тексергеннен кейін қалдықтарды басқару бойынша нарықтың барлық қатысушыларын толғандыратын өзекті мәселелер: Экокодекстегі өзгерістер, НҚА, озонды бұзатын, құрылыс қалдықтарымен және батарейкалармен жұмыс қызу талқыланды. Диалог биік мінберлерден айтылмайтын проблемалық мәселелерді көтеруге мүмкіндік берді.
KAZWASTE Ассоциациясына және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен және басқа да мемлекеттік органдармен байланысуға көмектескені үшін KAZWASTE Атқарушы директорының орынбасары Рысқұлова Айжанға жеке алғыс білдіреміз.