KAZWASTE”

«Вест Дала» ЖШС  4-5 желтоқсан аралығында Шымкент қаласында болып өткен қалдықтарды басқару бойынша “KazWaste” Қазақстандық қауымдастығының жыл сайынғы бесінші биылғы мерейтойлық Жалпы жиналасына қатысты.

Жиналыс барысында 2018 жылдағы Қауымдастықтың атқарған жұмысының толық есебі көрсетіліп, соңғы 5 жылдағы жұмыстарының қорытындысы және 2019 жылға жасалатын жұмыстар жоспары ұсынылды. 4 желтоқсанда қатысушылар Шымкент қаласындағы Green Technology Industries пластикті өңдейтін арнайы кәсіпорын жаңа зауытына барды.

Жиналысқа келген барлық мүшелер саланы дамытудағы перспективалар, кәсіпорындарды дамытудағы кедергілер, қолжетімді үздік технологиялардың жетістіктері, ӨМӨ операторларымен және мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас мәселелерін талқылауға белсенді қатысты. Қауымдастықтың барлық мүшелерінің жалпы жиналысқа қатысуы өзекті шешімдерді қабылдауда және алдағы жұмыстардың стратегиясын талқылауда өте маңызды. Сонымен бірге  5 желтоқсандағы салтанатты кешкі ас кезінде Waste Management Awards 2018 сыйлығының жеңімпаздары анықталды.

Онлайн-дауыс беру нәтижесінде төмендегідей жеңімпаздар анықталды:

  1. Бөлектеп жинауды табысты енгізгені үшін – «Aтамекен 4 Плюс» ЖШС, «Kazakhstan Waste Recycling» ЖШС;
  2. Сұрыптау Көшбасшылары – «KazRecycleService» ЖШС;
  3. Халыққа сапалы қызмет көрсеткені үшін – «Тәртіп» АҚ;
  4. Полигондарды табысты басқарғаны үшін – «ИЛИН» ЖШС;
  5. Қайталама шикізатты табысты өңдегені үшін – ДК «Glass Trade»;
  6. Электрондық қалдықтармен табысты жұмыс істегені үшін – «ПромТехноРесурсKZ» ЖШС;
  7. Өнеркәсіптік қалдықтармен табысты жұмыс істегені үшін – «West Dala» ЖШС;
  8. Қауіпті қалдықтармен табысты жұмыс істегені үшін – «Шаруа» ЖШС;
  9. Халықпен белсенді жұмыс істегені үшін – «ТТК» ЖШС;
  10. Жаңа технологиялардың Көшбасшысы – «Tau Innovative Solutions» ЖШС.

Қауымдастықтың номинациялары

  1. Жыл бұзып-жаруы – «Green Technology Industries» ЖШС;
  2. Жыл Start-upы – «Astana Clean Time» ЖШС;
  3. Саланы дамытуға қосқан үлесі үшін – «Тұрақты дамуға жәрдемдесу» Орталығы және «КазКаучук» ЖШС.

Қауымдастық мүшелеріне алғысхаттар табыс етілді және 2019 жылға мүшеліктері жөнінде куәліктер берілді. Жеңімпаздарға естелік марапаттар табысталды.

  

  

 

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.