Бүгінгі таңда көптеген компаниялар қызметкерлерге ең өнімді және мотивациялық әрекет ету – спорттық шаралар деген қорытындыға келгеніне біраз болды. Спорт жалпы рух пен бірлікке шақырады, жұмысқа деген құлшынысты арттырады, сондай-ақ барлық бағытта, оның ішінде әлеуметтік, кәсіби бағыттарда адамды дамытады. Өйткені корпоративтік спорт – бизнестің міндеттерін шешудегі қазіргі заманғы және өткір құрал болып отыр.

«ИСКЕР» компанияларын тобының басшылығы бір күні қалалық, республикалық және халықаралық турнирлерге әуесқойлықпен қатысатын, ал 2016 жылдан бері ТМД елдері арасында өз бетінше халықаралық турнирлерді ұйымдастырып және өткізе алатын өздерінің жеке баскетбол командасын құру арқылы әріптестер арасында армандар мен корпоративтік рухты біріктіруге шешім қабылдады.

Балгимбаев Толеген Нурановичтың басшылығындағы «ISKER» баскетбол командасы әуесқой баскетболшылардың ең мықты және үздік үштігіне кіреді және әртүрлі турнирлерде жиі-жиі бірінші орындарды алып жүр, сонымен бірге команданың әрбір ойыншысы ойын кездерінде жеке қабілеттіліктерін көрсетіп, «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылшы» сияқты марапаттарға ие болып отырады. Бұл жеңістердің барлығы «ISKER» командасының рухын көтеруге жәрдемдеседі.

Вест Дала өзінің қызметкерлерінің «ISKER» командасының құрамына қабылданғанын мақтаныш тұтады, атап айтқанда бес адам жеңіс үшін күресіп жүр, яғни жігіттер спортта да, жұмыста да нәтижеге жетуді мақсат тұтқан. Мінекей компанияның ойыншылары:

  • № 5 ойыншы – Виктор Кысыков
  • № 7 ойыншы – Тимур Калиев
  • № 9 ойыншы – Рамиль Капашев
  • № 13 ойыншы – Чингис Хабасов
  • № 22 ойыншы – Алмас Калиуллин

2018 жылы «ISKER» командасы өзі екі жеке халықаралық турнирін өткізді және Қазақстан мен шетелдерде жетеуден астам турнирге қатысты.

«ИСКЕР» компаниясы тобының қызметкерлері үшін корпоративтік спорт жұмыстағы көңіл-күйдің ажырамас бір бөлігі болып келе жатыр, өйткені турнирлерде ойыншылармен қатар жанкүйерлерде белсенді қатысады, олар директорлардан бастап қатардағы жұмысшыларға дейінгі аралықтағы консорциумның қызметкерлері. Бұл бірігу және барлық компаниялардың қызметкерлерінің тұтастығы барлық мүмкіндіктерді ашуға және кейін кәсіби қызметте өздерінің қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Компанияның корпоративтік рухын көтеру және қызметкерлердің денсаулығын нығайту ешқашанда пайдасыз емес.

Вест Дала барлық «ISKER» командасына алда тек қана жеңістер тілейді!

  

  

 

 

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.