ИНСПЕКЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

Өзін-өзі реттейтін, ерікті мүшелік негізінде құрылған «KazWaste» қалдықтарды басқару бойынша Қазақстандық Қауымдастық «Өндірістік және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу бойынша мамандандырылған мекемелердің біліктілік талаптары» № СРО-KW 01-2018 Сертификатының талаптарына сәйкестілігіне құжаттарды тексеру мақсатында осы жылдың басында Вест Дала ЖШС-да болды. Аталған Сертификаттың талаптарына сай инспекциялық бақылау жылына бір рет өткізіледі.

Жүргізілген бақылаудың нәтижесі бойынша эксперттік комиссияның Төрағасы В.В. Мустафина 30.01.2018 жылғы №1 эксперттік қорытынды берді. Онда Вест Дала ЖШС-нің Сертификатың қолданылу мерзімінің жалғасатындығы айтылады.

Толығырақ:

West Dala компаниясының мамандары – эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масәлімова 2026 жылғы 2–3 шілде күндері Астана қаласында өткен «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу» X Еуразиялық бизнес-форумына (GEWR’26) қатысты.

West Dala командасы Атырау облысы бойынша Экология департаменті ұйымдастырған «Таза жағалау» экологиялық акциясына қатысып, басқа да ұйымдармен бірге Атырау ықшам ауданының жағалау аумағын тазалау жұмыстарына белсене атсалысты.

Орал қаласында West Dala компаниясы «Өңірдің болашағы: Даму стратегиясы» атты II өңірлік инвестициялық форумға қатысты.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Вест Дала» ЖШС Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінің балаларына қайырымдылық көмек көрсетті. Жиырма бес бүлдіршіннің әрқайсысына «Балалар әлемі» дүкенінен қажетті заттарды сатып алуға арналған номиналы 25 000 теңгелік сыйлық сертификаттары табыс етілді.