GREEN ENERGY & WASTE RECYCLING FORUM – GEWR’2016

Астана қаласында «жасыл» энергетика мен «Green Energy & Waste Recycling Forum – 2016» қалдықтарды өңдеу бойынша алғашқы Еуразиялық бизнес-форумы болып өтті. Форум «Астана ЭКСПО-2017» «Болашақтың энергиясы» Халықаралық арнайы көрмесінің қарсаңында ұйымдастырылып отыр. ҚР энергетика Министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ қолдауымен форумды ұйымдастырушылар – «KazWaste» қалдықтарды басқару бойынша Қазақстандық қауымдастығы және «ERBA» Еуропа-Ресей бизнес қауымдастығы. Ресми демеушілері «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» және «Томра Сортинг» компаниясы.

Форумға Қазақстаннан, Ресейден, Беларуссиядан, Германия мен Франциядан келген 120-дан астам адам қатысты. Оның ішінде форумда қалдықтарды басқару саласында маманданған мемлекеттік кәсіпорындар, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық сарапшылар және БАҚ өкілдері болды. Форумның алғашқы күніндегі «Smart Energy in Smart City» және «Waste-to-Energy» сессиясында қатысушылар Қазақстанда «жасыл» энергияны дамытудың мүмкіндіктері мен перспективалары, оның ішінде қалдықтан энергия алу мәселесін талқылады. Жетекші шешендер ретінде ҚР энергетика Министрлігінің қайта қалпына келетін көздер бойынша Департаментінің өкілдері, қалдықтан энергия алу бойынша өндірістік жабдықтарды шығару бойынша шетелдік кәсіпорындардың мамандары сөз сөйледі. Қатысушыларға әртүрлі қалдықтардан таза энергияны алатын қазіргі заманғы жабдықтар ұсынылды.

Форумның екінші күнінде:

  • Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, сұрыптау, қораптау сақтау және кәдеге жарату туралы барлығы;
  • ЕАЭС елдерінде ӨМК енгізу: нәтижелері мен перспективалары;
  • Өндірістік және қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату мен өңдеу;
  • Электрондық және электрлік жабдықтарда қалдықтарды кәдеге жаратудың проблемалары мен перспективалары;
  • Тозған шиналар мен РТБ қалдықтарын жинау мен өңдеудің жетілдірілген жүйесі тақырыптары бойынша дөңгелек үстелдер болып өтті.

«Вест Дала» ЖШС «Өндірістік және қауіпті қалдықтарды кәдеге жарату мен өңдеу» дөңгелек үстелінде «Ірі өндірістік кәсіпорындардың қалдықтарын кешенді басқару» тақырыбында таныстырылым жасады.

Дөңгелек үстел барысында түрлі қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және өңдеу саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, аталған қалдықтарды өңдейтін жабдықтары, өнім өндірісінде қайталама қорларды пайдаланудың мүмкіндіктері ұсынылды. Қатысушылардың өздерін қызықтырған сұрақтарды мемлекеттік орган өкілдеріне, ӨМК операторларына, халықаралық сарапшыларға қоюға, тәжірибелер алмасуға және бұдан әрі ынтымақтастық үшін іскерлік байланыс орнатуға мүмкіндіктер болды.

Форум Қазақстан, Ресей және басқа елдердің аумағында қалдықтармен жұмыс істеу және «жасыл» энергия саласын дамытуда бір біріне жәрдемдесу үшін маңызды қадам болды. Форумның қорытындысы бойынша ұйғарымдар әзірленіп және мемлекеттік органдар мен қызығушылық танытқан тараптарға ұсынылатын болды.

​​​​​​       

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.