4-5 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында West Dala серіктесі болып табылатын «Green Energy & Waste Recycling Forum – 2022» VI Еуразиялық бизнес-форумы өтті. Форумның негізгі мақсаты — ұлттық және өңірлік деңгейде қалдықты қайта өңдеу және «жасыл» энергетика салаларын дамыту үшін шешім іздеу. Шара Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ұлыбритания, Латвия, Германия және АҚШ-тан 200-ден астам маманның назарын аударды.

Форумды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зульфия Сүлейменова және ЕО-ның Қазақстандағы ынтымақтастық департаментінің басшысы Йоханнес Стенбек Мадсен ашты. «Қазір жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын қайта қарау бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2021 жылы қазанда 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бекітілді, оның мақсаты халықтың өмір сүруіне қолайлы орта жасау және экологиялық жағдайды, оның ішінде қалдықтармен тиімді жұмыс істеуді жақсарту болып табылады. Қалдықтарды басқару жөніндегі міндет шеңберінде қалдықтар бойынша ағымдағы жағдайды жақсарту бойынша бірқатар іс-шаралар көзделеді. Мысалы, фракциялар мен қалдықтардың жекелеген қауіпті түрлері бойынша қалдықтарды бөлек жинаумен қамтуды арттыру», - деді вице-министр.

Форумда Орталық Азия елдерінің "жасыл" энергияны дамытудағы серіктестіктің , сондай-ақ қалдықтарды басқару нарығының өзекті мәселелері, соның ішінде ЕҚТ енгізу, қалдықтарды жинау және өңдеу секторындағы инновациялық технологиялық шешімдер, қалдықты басқару саласындағы МЖӘ жобаларын әзірлеу және іске асыру мәселелері талқыланды.

 

 

 

 

 

Толығырақ:

West Dala «Мектепке жол» акциясы аясында балаларды қолдайды. Жаңа оқу жылы қарсаңында West Dala компаниясы аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға «Детский мир» дүкеніне арналған сертификаттар түрінде материалдық көмек көрсетті.

Қалдықтарды басқарудың зияткерлік жүйесі

«West Dala» ЖШС 2005 жылы 18 шілдеде Атырау облысында құрылды және 21 жыл бойы Компания Қазақстан Республикасында қалдықтарды кешенді басқару саласында жетекші орынға ие болып келеді.

West Dala компаниясының мамандары – эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масәлімова 2026 жылғы 2–3 шілде күндері Астана қаласында өткен «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу» X Еуразиялық бизнес-форумына (GEWR’26) қатысты.