Вест Дала «жасыл» энергия және қалдықтарды өңдеу бойынша «Green Energy & Waste Recycling» – GEWR’19 төртінші Еуразиялық бизнес-форумына қатысты. ҚР энергетика Министрлігінің, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің, Халықаралық «Астана» қаржы орталығының қолдауыменен ұйымдастырушылары «KazWaste» қалдықтарды басқару бойынша Қазақстандық Қауымдастығы, Европалық-Ресейлік «ERBA» бизнес қауымдастығы болды. Форумның серіктестері Eurasian Eurasian Resources Group, “Теңізшевройл” ЖШС, Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б. В., Норт Каспиан Оперейтинг Компани және РОП операторы болып табылады.

Форумның ашылуында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің жауапты хатшысы Сәбит Нұрлыбай сөйлеген сөзінде, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрі Мағзум Мырзағалиевтің атынан делегаттар мен форумға қатысушыларды 2015 жылы БҰҰ 2030 жылғы кезеңге дейінгі БҰҰ қатысушы-елдер ұйымдарына арналған стратегияларды айқындайтын тұрақты даму Мақсаттарын (ТДМ) қабылдағанын еске салып өтті. «Қалдықтарды өңдеу саласын дамыту тұрақты даму мақсаттарына жету жолында алға жылжуға көмектеседі, айналмалы экономиканың қалыптасуына елеулі үлес қосуды қамтамасыз етіп, парниктік газдердің шығарындыларының азайып және баламалы энергия түрлерінің өндірісіне жол ашады. «Жасыл» энергия және қалдықтарды өңдеу бойынша Еуразиялық форум мемлекетпен, бизнес, үкіметтік емес сектор және халықаралық қауымдастық арасындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін қажетті алаң болып табылады» – деп көрсетілген ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрі Мағзум Мырзағалиевтің арнау сөзінде.

Форумның сессияларында Қазақстанның, Ресейдің және Еуропаның қалдықтарды басқару саласындағы алдыңғы қатарлы компанияларының сарапшылары, орталық мемлекеттік және жергілікті атқару органдарының, салалық қауымдастықтың өкілдері сөз сөйледі.

Форумға  Қазақстаннан, Ресейден, Украинадан, Австриядан, Германиядан, Испаниядан, Венгриядан 200-ге жуық өкілдер қатысты.

Форумның скиперлері мен қатысушылары биогазды алу арқылы, пластиктен ластанумен күресу бойынша шаралармен, саланы цифрландыру шеңберінде қалдықтарды басқарудың инновациялық жүйелерімен Қазақстанда қалпына келетін энергияны дамытудың мүмкіндіктерін талқылады. Талқылау барысында сарапшылар қайталма шикізатты қораптау өндірісін, қолжетімді үздік технологияларды дамыту, Қазақстанда инвестициялық қызметті қолдау және «жасыл» жобалар бойынша стандарттар әзірлеу қажеттілігін атап көрсетті.

Форумның жұмысы барысында ұйымдастырушылар The Coca-Cola Foundation халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен пластикті өңдеудің «”Иә!” –деп айт» бірлескен жобасын таныстырды. Жобаны жүзеге асыруға арналған баспасөз-конференциясында өздерінің үміттерімен Coca-Cola-ның делегаттары шараға қатысушылар және БАҚ өкілдерімен бөлісті. Жобаның мақсаты – Coca-Cola компанясының «Қоқыссыз әлем» бастамасын жүзеге асыру шеңберінде одан әрі өңдеу үшін пластик қалдықтарды жинаудың үлесін арттыру.

Форумдағы маңызды жаңалықтарды бірі «Пластикпен ластануға жол жоқ! Өңде немесе бас тарт!» сессиясының қорытындысы бойынша Қазақстандық «KazWaste» Қауымдастығының, «Green Technology Industries» және «Кока-Кола Алматы Боттлерс» компанияларының арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылуы болып табылады.

Кәсіпорынға сапар барысында саланың қатысушылары Нұр-Сұлтан қаласындағы «KazRecycleCervice» қоқыстарды сұрыптағыш кешенге, «Эко Полигон Астана» және «Stahlbau» қалдықтарды тасымалдауға арналған техниканы шығару бойынша зауытқа барып, өндірістік процестермен көрнекі түрде танысуға мүмкіндік алды.

Форум ынтымақтастық, кәсіби қауымдастықты нығайту және қалдықтарды басқару саласын дамыту мақсаттарында Қазақстанның, Ресейдің, Австрияның және Германияның компанияларымен өзара әрекеттестікті қамтамасыз етті.

Қазақстандық «KazWaste» қалдықтарды басқару бойынша Қауымдастығының Атқарушы директоры Вера Мустафинаның сөзі бойынша қалдықтарды өңдеу саласындағы негізгі міндеттер қолданыстағыларын жетілдіру, жаңа технолгияларды жасау және енгізу болып табылады. «Қалдықтарды басқарудың болашағы ЗD халықаралық қауымдастығы қабылдаған жаңа принциптер: саланы орталықсыздандыру – әрбір үйден және әрбір тұрғыннан қалдық жинауға қол жеткізу, саланы нарықтық реттеу; декарбонизация – қалдықтардан шығатын парниктік газдердің, оның ішінде органикалық қалдықтардан метанның шығарындыларын қысқарту, төменгі көміртегі технологияларын ұстану; және дигитализация (цифрландыру) –  арнайы көліктерде GPS жүйелерін, контейнерлерде чиптерді енгізу, өндірісті автоматтандыру, «ақылды» логистика, қалдықтардың интерактивті картасын жасау, тұрғындар үшін мобилді қосымшалар әзірлеу. Біздер сала ретінде бұл шақыруларды қабылдаймыз!» – деп атап көрсетті Вера Мустафина.

  

  

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.