ФОРУМ НКОК Н.В.

2017 жылдың 5 мамырында НКОК Н.В. компаниясының «Қауіпсіздік үшін бірлесе жұмыстанамыз» (ҚҮБЖ) атты алғашқы форумы өтті, форум барысында компанияның ДЕҚҚОҚ саласындағы негізгі жетістіктері мен жетілдіру шаралары туралы мәлімет берілетін болады. ЖШС «Вест Дала» делегат ретінде осы форумға қатысты.

Қашаған кен орнын игеру жобасының басты қатысушылары қолдауымен НКОК Н.В. компаниясы бұған дейін Консорциум мен Мердігерлердің ДЕҚҚОҚ саласындағы мәселелерді жақсы түсінуіне зор септігін тигізген түрлі форумдар өткізу арқылы Мердігерлермен ДЕҚҚОҚ саласында тәжірибе және білім алмасу дәстүрін жаңартады.

Санат Тақырыптар:

  • Еңбек қауіпсіздігі саласындағы үрдістер – оқиғалардың салдарларын зерттеу
  • Мердігер мекемелер өкілдерінің сөз сөйлеуі: «ІСКЕР» КОНСОРЦИУМ» ЖШС-сы және «ЕРСАЙ Каспиан Контрактор» ЖШС-сы
  • Lead2 Safety – Қауіпсіздік мәдениетін арттыру бағдарламасы
  • Оқиғаларды қадағалау және алдын алу құралдарын басқару

Толығырақ:

West Dala «Мектепке жол» акциясы аясында балаларды қолдайды. Жаңа оқу жылы қарсаңында West Dala компаниясы аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға «Детский мир» дүкеніне арналған сертификаттар түрінде материалдық көмек көрсетті.

Қалдықтарды басқарудың зияткерлік жүйесі

«West Dala» ЖШС 2005 жылы 18 шілдеде Атырау облысында құрылды және 21 жыл бойы Компания Қазақстан Республикасында қалдықтарды кешенді басқару саласында жетекші орынға ие болып келеді.

West Dala компаниясының мамандары – эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масәлімова 2026 жылғы 2–3 шілде күндері Астана қаласында өткен «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу» X Еуразиялық бизнес-форумына (GEWR’26) қатысты.