ЕҚТ қағидаттарына көшу. ЕҚТ (ең озық қолжетімді технологиялар) қағидаттарына көшу қалдықтарды басқару саласының да, бүкіл бизнес-қоғамдастықтың да жұмыскерлерін толғандыратын маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Жаңа экологиялық кодекс енгізілгеннен кейін Қазақстанда ЕҚТ шынында қолжетімді ме деген мәселе өзекті болды. Нұр-Сұлтандағы GEWR-2022 форумына қатысушылар ЕҚТ бойынша шетелдік тәжірибені, анықтамалықтың қолданылу саласын, сондай-ақ қазіргі заманғы жағдайларда кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыру мүмкіндігін талқылады. Атап айтқанда, Еуропалық Одақта ЕҚТ қағидаттарын енгізуге 5 жылдан астам уақыт талап етілгені атап өтілді, бұл ретте мемлекет пен жеке бизнес қаржыландыру мәселелерінде ортақ шешімге келіп отырды.

Бизнес үшін ең маңыздысы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен Экологиялық кодекске өзгерістер енгізу арқылы ЕҚТ қағидаттарын енгізу мерзімдерін ұзарту мүмкіндігі туралы хабарлама болды.

Сондай-ақ панельдік секция кезінде қалдықтарды басқару саласындағы ЕҚТ анықтамалығын әзірлеуді қолдау, оны әзірлеу кезінде ЕО елдерінің үздік тәжірибесін есепке алу, сондай-ақ ЕҚТ анықтамалығын әзірлеуге барлық мүдделі тараптардың қатысуын қамтамасыз ету сияқты ұсыныстар әзірленді. West Dala компаниясы GEWR-2022 форумында ЕҚТ қатысты барлық қабылданған шешімдерді құптайды және оларды қызмет барысында енгізуге ықпал ететін болады.

 

                         

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.