ЕСТЕЛІК АЛЛЕЯСЫ

Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жылдығы қарсаңында Атырау қаласының әкімдігі және бірқатар жергілікті компаниялар, оның ішінде "West Dala" барлық атыраулықтар үшін өте маңызды сыйлық - Жеңіс саябағында Естелік аллеясының ашылуын дайындады. Мұнда Атырау облысының тумалары Кеңес Одағының Батырлары, Халық қаһармандары және Даңқ орденінің толық кавалерлерінің 14 тұғыры орналастырылды.


Ұлы Отан соғысы - біздің тарихымыздың ең қиын кезеңдерінің бірі және оны еске алу барша қазақстандықтар үшін қасиетті. Даңқ аллеясы соғыс батырларының құрметіне айналады, сондықтан "West Dala" қала басшылығының бастамасын қолдауды үлкен мәртебе деп санап, жерлестеріне қазақ халқының ержүрек ұлы, жерлесіміз, Ысық руынан шыққан батыр - Мұқат Мұсаевқа ескерткіш сыйлады.


Мұқат Мұсаев 1944 жылы мамыр айында Қызыл Армия қатарына шақырылып, 53-ші армияның 228-ші дивизиясының 795-ші атқыштар полкінде қызмет еткен. Ол жауды пулеметтен талқандап, фашистік басқыншыларға қарсы шайқастарда бірнеше рет ерекшеленді. Майданда батыр 60-қа жуық фашистті жойып, жаудың үш пулемет пункттерін талқандады. 1944 жылдың соңында Венгрия жеріндегі шайқастардағы ерлігі мен батылдығы үшін Мұқат Мұсаев Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Соғыстан кейін Мұқат Мусаев бейбіт еңбегіне оралды, 1954 жылы мамыр айында мезгілсіз қайтыс болды.


Біз барлық жауынгерлерімізді құрметтейміз және барлық соғыс батырларының ерліктерін мақтан тұтамыз. Олардың ерлігі мен даңқы ғасырлар бойы өте берсін!

 

Толығырақ:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.

West Dala компаниясының жүргізушісі Имашев Ришат НКОК ұйымдастырған тоқсан сайынғы жүргізушілер форумында IVMS есебі бойынша жоғары көрсеткіштері мен қауіпсіз жүргізгендігінің арқасында атап өтілді.

Құрық аудан орталығында Наурыз салтанатты түрде тойланды. Мерекелік жиында облыс әртістері өнер көрсетіп, жастар қошқар көтеру, садақ ату, асық сияқты ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты.

West Dala "Жер Сағаты" халықаралық экологиялық акциясына қосылды.