ESG - тұрақты дамудың жаңа векторы. Нұр-Сұлтандағы GEWR бизнес-форумында «Өнеркәсіптік қалдықтарды басқару бөлігіндегі ESG қағидаттары» панельдік сессиясында тұрақты даму тақырыбы кеңінен талқыланды. ESG-ні (Environmental, Social, Governance principles) «экология, әлеуметтік саясат және корпоративтік басқару» мағынасында ашуға болады, мұндағы E – компанияның қоршаған орта мен климатқа әсеріне қатысты мәселелер, S – қызметкерлермен, мердігерлермен, контрагенттермен қарым-қатынас сапасына қатысты мәселелер, G – корпоративтік басқару саласындағы мәселелер.

Пікірталасқа спикер ретінде KazEnergy қауымдастығының, ҚР Ұлттық экономика министрлігі жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ESG сараптама орталығының, Тау-кен металлургия өндірістері қауымдастығының және West Dala компаниясының өкілдері қатысты. Қазақстанда «Атамекен» ҰКП корпоративтік басқарудың ұлттық кодексін қабылдады, онда ESG-ақпаратты айқындау басқарудың ашықтығын анықтайтын негізгі фактор болып табылады. 2021 жылдан бастап Қазақстан қор биржасы ESG міндетті есептілігін енгізді.

«Өнеркәсіптік қалдықтарды басқару саласындағы компаниялар үшін ESG тақырыбы өзекті бола түседі, өйткені көптеген салалар біртіндеп тұрақты даму моделіне көшуде. Атап айтқанда, бұл Қазақстанның мұнай-газ саласына қатысты», - деді форум спикері, West Dala Корпоративтік даму жөніндегі директоры Диас Хабиев.
Пікірталасқа қатысушылар ESG тұрақты даму тәсілдері компаниялардың бизнес жүргізуге деген көзқарасын жақсартып, олардың инвестициялық тартымдылығын арттыратынын бірауыздан атап өтті.

 

                                           

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.