Х. Досмұхамедов атындағы университетте «Қалдықтарды және төгінділерді басқару» тақырыбында дәріс өтті.

West Dala компаниясының экологтары — Айнагүл Сагиева мен Ислам Сағынбаев — студенттермен мазмұнды кездесу өткізіп, қалдықтармен экологиялық жауапты жұмыс істеудің негізгі принциптерін түсіндірді. Кездесуде қауіпсіз кәдеге жаратудың заманауи тәсілдеріне, экологиялық жүкті азайтуға және тұрақты ортаны қалыптастырудағы бизнестің рөліне баса назар аударылды.

Кездесудің практикалық бөлімі ерекше қызығушылық тудырды. Студентке төгінділерді жедел жою үшін қолданылатын МТЖ (мұнай төгінділерін жою) жиынтығының жұмысы көрсетілді. Қатысушылар процесті өз көзімен көріп қана қоймай, нақты жағдайлардағы іс-қимыл алгоритмдерін — оқшаулаудан бастап зардаптарды толық бейтараптандыруға дейін егжей-тегжейлі талқылады.

Лекция интерактивті форматта өтті: ашық диалог, кейстерді талдау және саланың нақты міндеттерін талқылау ұйымдастырылды. Студенттер белсенді қатысып, нақты сұрақтар қойып, мини-сессия барысында өз білімдерін тексерді. Ең белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Мұндай кездесулер — бұл тек білім алмасу емес, сонымен қатар болашақ мамандардың.

 

Толығырақ:

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Вест Дала» ЖШС Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінің балаларына қайырымдылық көмек көрсетті. Жиырма бес бүлдіршіннің әрқайсысына «Балалар әлемі» дүкенінен қажетті заттарды сатып алуға арналған номиналы 25 000 теңгелік сыйлық сертификаттары табыс етілді.

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай «West Dala» ЖШС мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау қорының қамқорлығындағы отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті.

West Dala Қазақстанды халықаралық аренада абыроймен таныстырып жүрген жас спортшылар мен спорттық бастамаларды белсенді қолдайды. Осындай маңызды жобалардың бірі — боксшы Бекхан Махамбетұлы Оразбайдың U15 және U17 Азия чемпионатына қатысуына демеушілік көрсету болды.