ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТАЗАЛАУ КҮНІ

Біздің планетамыз World Cleanup Day 2022 Дүниежүзілік акциясының арқасында тазара түсті. West Dala компаниясының науқанға қосқан үлесі қамтыған аумағы мен қызметкерлер саны бойынша ауқымды болып шықты: жалпы алғанда Атырау облысында, Теңізде, Прорвада, Алматы мен Ақтауда тазалауға жүзден астам адам шықты! Қалай болғанымен бөлісейік.

Атырау облысы
Вестдалалықтар басқа Атыраулық компаниялармен қатар Атырау маңындағы Көктем ауылының аумағында сенбілікке қатысты. «Таза ауыл» атты науқан жарыс түрінде ұйымдастырылды. Іс-шара қорытындысы бойынша белсенділер, оның ішінде әріптестеріміз Қуанғали Елубаев пен Ерболат Ерғали марапатталды. West Dala сондай-ақ қызметкерлердің белсенділігін атап өтті және сенбілікке транспорттық қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Іс-шара фуршет және қазақ ұлттық ойындарымен аяқталды.

Прорва
Объектіні ретке келтіруге Прорва ҚЖК және басқа компаниялардан 30-дан астам адам шықты. СҚА аумағын және оған іргелес аумақты тазалау бойынша іс-шаралар жүргізілді: өсіп кеткен шөпті шабу, 10 қап мөлшерінде қоқыс сұрыпталды. Сондай-ақ, акцияға қатысушылар ағаштарды суарып, дезкедергілерін бояды.

Теңіз
Теңіз жағасындағы сенбілікке вестдалалықтар да, ТШО-ның басқа да мердігерлік ұйымдары белсенді қатысты. Тазалау алдында қауіпсіздік техникасы және сақтық шаралары бойынша нұсқаулық өткізілді. ТШО компаниясы экологиялық акцияның бастамашысы және ұйымдастырушысы ретінде іс-шараны жоғары деңгейде өткізді.

Алматы
Акция қала күні аясында өтті, сондықтан ұйымдастырушылар сенбілікті қазақстандық жас жұлдыздардың концертімен біріктірді. Сенбілікке еріктілер, студенттер және компания өкілдері, соның ішінде West Dala қатысты. Үлкен Алматы өзенінің бойында қоқыс жиналып, сұрыпталды: пластик 37,8 кг, макулатура 8,6 кг, шыны 44,4 кг, алюминий 9,4 кг.

Ақтау
Қаланың тазалығын экология департаменті мен табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ «Вест Дала» ЖШС кәсіпкерлер бірлестігі және басқа да компаниялар жүргізді. Барлығы 1580 адам қатысты, 39 машина жұмылдырылды, 50 тонна қоқыс шығарылды.

Биылғы жылы мемлекеттік органдар, компаниялар мен ҮЕҰ ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қазақстанды «жасыл» экономика қағидаттарын іске асыратын жаһандық әлемдік Экологиялық акциялардың қатысушысы ретінде көрсету үшін акцияға қатысу туралы үндеуіне белсенді қатысқанын атап өткім келеді.

 

 

 

 

 

Толығырақ:

West Dala компаниясының мамандары – эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масәлімова 2026 жылғы 2–3 шілде күндері Астана қаласында өткен «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу» X Еуразиялық бизнес-форумына (GEWR’26) қатысты.

West Dala командасы Атырау облысы бойынша Экология департаменті ұйымдастырған «Таза жағалау» экологиялық акциясына қатысып, басқа да ұйымдармен бірге Атырау ықшам ауданының жағалау аумағын тазалау жұмыстарына белсене атсалысты.

Орал қаласында West Dala компаниясы «Өңірдің болашағы: Даму стратегиясы» атты II өңірлік инвестициялық форумға қатысты.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Вест Дала» ЖШС Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінің балаларына қайырымдылық көмек көрсетті. Жиырма бес бүлдіршіннің әрқайсысына «Балалар әлемі» дүкенінен қажетті заттарды сатып алуға арналған номиналы 25 000 теңгелік сыйлық сертификаттары табыс етілді.