ДЕҚОҚ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР

“West Dala” ЖШС қалдықтарды басқару бойынша NCPOC B.V. компаниясының 2013 жылдың шілдесінен бастап мердігері болып келеді. 2014 жылдың қазанында NCPOC B.V. компаниясы жүргізген ДЕҚОҚ менеджменті аудит жүйесінің нәтижесі бойынша “West Dala” ЖШС “Green Banding” статусын растады.

“Banding” – бұл Shell компаниясы мен оның бөлімшелерінің терминологиясы (NCPOC B.V. компаниясы Shell компаниясының стандарттары мен талаптарын пайдаланады). Компания мердігердің ДЕҚОҚ жүйесіне бағалау жүргізеді және оны үш категория бойынша, яғни қызыл (red), янтарлы (amber) және (green) жасыл деп жіктейді.

Жасыл категория (Green Band) мердігердің ДЕҚОҚ жүйесі Компанияның талаптарына толықтай сәйкес келеді дегенді білдіреді.

Сонымен бірге, 2014 жылы «Теңізшевройл» ЖШС жүргізген CHESM аудитінің (Contractor HSE Management Qualification – мердігер ұйымның ЕҚ, ТҚ және ҚОҚ басқару жүйесін бағалау) нәтижелері бойынша, біздің компания ең жоғарғы А рейтингісіне (Grade A) ие болды.

Аталған жетістіктер ұйымның ДЕҚОҚ жүйесін барлық бағытта тұрақты жақсартуға бағытталған өзінің мақсатты жұмыстарының нәтижелері болып табылады.

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.