ДЕМЕУШІЛІК

Қазақстанда бокс сүйікті әрі танымал спорт түрі. Біз бәріміз рингте мықты позицияларды көрсететін спортшыларымызға қолдау көрсетеміз. Осы жазда West Dala компаниясы Ақтауда ADAL Promotion промоутерлік компаниясы ұйымдастырған кәсіби бокс кешінде жас әрі болашағы зор боксшы Нұрбек Орысбайдың демеушісі болды. Бірінші жартылай орта салмақтағы Нұрбек Орысбай (1-0, 1 КО) мен Айдос Тастаевтың (2-4, 1 КО) жекпе-жегі төрт раундқа есептелген. Төрешілердің бірауызды шешімімен қарсыласу Орысбайдың сөзсіз жеңісімен аяқталды. Осылайша, Нұрбек Орысбай кәсіби мансабында екінші жеңісіне жетті! West Dala компаниясы жас боксшыны осындай маңызды жеңісімен құттықтайды және рингте бұдан да үлкен табыстар тілейді! Қазақстандағы бокс гүлденіп, жанкүйерлеріне жарқын жеңіс сәттерін сыйлай берсін.

                 

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.