ДЕМЕУШІЛІК

West Dala компаниясы 2009–2010 және 2011–2012 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен облыстық ашық бокс турниріне демеушілік көрсетті. Қоғам қайраткері Жалау Мыңбайұлының рухына арналған турнир Түпқараған ауданында өтіп, өңірдің түкпір-түкпірінен келген талантты спортшыларды жинап, көрермендерге жарқын жекпе-жектер сыйлады. Бұл дода шынайы рух пен спорт шеберлігінің мерекесіне айналды.

Түпқараған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы ТОО “West Dala” компаниясының бас директоры Қайрат Шәменұлы Салахаденовке көрсеткен қаржылай қолдауы мен балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға қосқан зор үлесі үшін шын жүректен алғыс білдірді.

 

    

Толығырақ:

Х. Досмұхамедов атындағы университетте «Қалдықтарды және төгінділерді басқару» тақырыбында дәріс өтті. West Dala компаниясының экологтары — Айнагүл Сагиева мен Ислам Сағынбаев — студенттермен мазмұнды кездесу өткізіп, қалдықтармен экологиялық жауапты жұмыс істеудің негізгі принциптерін түсіндірді. Кездесуде қауіпсіз кәдеге жаратудың заманауи тәсілдеріне, экологиялық жүкті азайтуға және тұрақты ортаны қалыптастырудағы бизнестің рөліне баса назар аударылды.

Атырау облысында талантты жастарды қолдау және олардың ғылыми-зерттеу мен өнертапқыштық әлеуетін дамыту мақсатында «Инновациялық идеялар» байқауы өтті. Байқауға West Dala компаниясының мамандары — эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масалимова қазылар алқасының мүшелері ретінде шақырылды.