CHESM ФОРУМ-2017

2017 жылдың 4 мамырында «Адам өліміне алып келетін ауыр жарақаттанулар мен жағдайларды болдырмау: Тексеру және Растау» тақырыбында ТШО-ның мердігер ұйымдарының арасындағы жыл сайынғы форумы болып өтті. CHESM Форум-2017 өзекті және перспективалы жаңалықтармен танысу, нарықты зерттеу, адам өмірін барынша қауіпсіздікпен қамтамасыз етуші әр түрлі аспектілерді көрсетуші Қазақстанның әр аймақтарынан және шетелдерден келген мамандармен кездесу үшін өте тамаша алаң болды. Өткеннің ең үздік дәстүрлерін сақтай және болашақты ойлай отыра әр компания тиімді ынтымақтастықта болуға өз үлесін қосуға ұмтылды.

«Вест Дала» ЖШС аталған форумда ««ВУ» категориясындағы вакуумдық машиналардағы негізгі қауіпсіздік шараларын тексеруді көрсету» тақырыбымен белсенді қатысушы болды.

Компанияның өкілдері қатысушыларға Ман Эковак лай сорғышы, ВУ категориясындағы машиналарды мысалға ала отырып, вакуумдық машиналарды пайдаланғандағы негізгі қауіпсіздік шараларын тексеруді көрсетті. Көрсетілімнің негізгі мақсаты адам өліміне алып келетін ауыр жарақаттанулар мен жағдайларды болдырмауға бағытталды. Атап айтқанда көлік құралын нысанға шығар алдында тексеру және көлік құралын тікелей жұмысты орындауды бастар алдында тексеру 2 кезеңде:

  • 1 кезең – Көлік пен экипажды шығар алдында тексеру;
  • 2 кезең – Көлікті жұмысты орындауды бастар алдында тексеру көрнекі көрсетілді.

Көрсетілім кезінде тыңдаушыларға қатысушылардың жіберген қателіктерін табу ұсынылды және дұрыс жауап бергендерге компанияның стендісінен естелік ынталандыру сыйлықтары берілді.

«Вест Дала» ЖШС апаттар мен оқиғалардың әрқашанда алдын алуға болады принципінде әрекет етеді!

Компанияда өзінің ішкі саясаты және ЕҚ, ТҚ мен ҚОҚ саласын басқару жүйесі енгізілген, сонымен бірге клиенттеріміздің ТҚ саласындағы қауіпсіздікте жақсы көрсеткіштер мен оқиғалардан жұмыс уақытын жоғалтудың нолдік көрсеткішін алуға көмектесетін  ұсыныстары үнемі енгізіліп отырады.

CHESM ТШО өкілдері қатысушылардың барлығына алғысхат жолдай отырып, өздерінің мердігер ұйымдарының форумға қатысуын жоғары бағалады.

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.