БІЗДЕР ӘРТҮРЛІМІЗ, БІРАҚ ТЕҢ ҚҰҚЫЛЫМЫЗ

Қайырымды іс адамның ішкі дүниесін бір серпілтіп тастайды, ал балаларды қуанту ол бір бақыт. «West Dala» ЖШС мен «САНА» қоғамдық қоры осындай пікірді ұстанады. Жаңа оқу жылының қарсаңында «Біздер әртүрліміз, бірақ тең құқылымыз» атауымен мүмкіндігі шектеулі балалар үшін осындай шара өткізілді.

«West Dala» ЖШС  «САНА» қоғамдық қорын қолдауға және Атырау облысының «ерекше» балалары үшін көңілді «пикникті» бірлесе өткізуге шешім қабылдады. Компания өзінің әлеуметтік саясатына сай мерзімді түрде түрлі қайырымдылық шараларын өткізіп отырады, ал қор «ерекше» мәселелерді шешу үшін адамдарды біріктіре білген алғашқы ұйым болып табылады.

Көңілді пикник «Мекен» дамалыс базасының аумағында ұйымдастырылды. Балалар мен олардың ата-аналары жүгіріп, түрлі қызықты ойындарды ойнап және түрлі әуенді ырғақтарға билеп, бір-бірімен таныса отырып, жаңа достар табу арқылы өз уақыттарын белсенді өткізді. Осы бір шағын шараның көңілді шараларымен қатар, алуан түрлі тәттілер мен сыйлықтарға толы болуы арқылы да балалардың есінде қалды.

Өз балаларының көздеріндегі қуаныш үшін ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп жатты, егерде осындай шаралар көптеп бола түссе, «ерекше» балалар қоршаған ортаға тез бейімделер еді, ал бұл қазіргі уақытта өте керек!

  

  

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.