БІЛІМ БЕРУ

2023 жылы West Dala “Адам құқықтары, әртүрлілік және тең мүмкіндіктер саясатын” қабылдады. Адам құқықтарын қорғау тақырыбы компания үшін маңызды, сондықтан ол басқа ішкі нормативтік құжаттарда көрсетілген. Осы саланы дамыту мақсатында өткен жылдың желтоқсан айында West Dala компаниясының өкілі «Бизнес және адам құқығы» тренингіне қатысты. Тренинг Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) аясында ұйымдастырылды. Тренингтің маңызды хабарламаларының бірі – «Адал бизнес – адам құқықтарына қауіп төндірмейтін бизнес емес, оларды қалай анықтау және азайту керектігін білетін бизнес». Осы саладағы компаниялар үшін келесі салалар өзекті болып табылады: өмір сүру құқығы; амалсыз немесе мәжбүрлі еңбекке тартылмау құқығы; заң алдындағы теңдік, тең қорғау, кемсітпеу құқығы; тиімді құқықтық қорғау құралдарына қол жеткізу құқығы; құпиялылық құқығы. Адам құқықтары саласындағы БҰҰ-ның барлық қағидалары компаниямен ескеріледі және бизнес-процестерге енгізіледі.

 

 

Толығырақ:

Форум аясында тұрақты қаржыландыру, шағын және орта бизнесті дамыту, жауапты жеткізу тізбектерін қалыптастыру, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге қосатын нақты үлесі талқыланды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығы мен «Даму» Халықаралық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «Экология саласының үздігі» республикалық байқауы өтті.

Экологиялық акцияға «West Dala» компаниясының әртүрлі объектілерінің қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ бұл шараға Атырау облысының Экология департаменті қолдау білдіріп, ортақ мақсатқа өз үлесін қосу арқылы атсалысты.

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.