Дүниежүзілік қоршаған орта күні қарсаңында Ақтау қаласындағы форумда еліміздің үздік экологтарын марапаттау рәсімі өтті. West Dala компаниясының бас экологы Айнагүл Наурызбаева «Экология саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Оның кандидатурасын Атырау облысының экология департаменті қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді және жемісті жұмысы, жоғары кәсіби қасиеттері және Қазақстан Республикасының табиғи байлығын сақтауға қосқан жеке үлесі үшін ұсынды.

Әріптесімізді осындай жоғары марапатымен құттықтаймыз!

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.