COVID-19 ДЕЗИНФЕКЦИЯ

Карантин жағдайында коронавирус жұқпасының таралуын болдырмау үшін Атырау қаласының әкімдігі түрлі мамандандырылған компанияларды, оның ішінде West Dala компаниясын да тарту арқылы көшелерді, қоғамдық орындарды және түрлі нысандарды дезинфекциялау жұмыстарын ұйымдастыруда. Қаладағы COVID-19 ошақтарынан  және Covid-19 анықталған адамдармен қарым-қатынаста болған азаматтардың уақытша тұрақтарынан медициналық қалдықтарды, қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинау кезінде ерекше шаралар қабылдануда.

Қалдықтарды жинауға арналған контейнерлерді және арнайы техниканы дезинфекциялау West Dala компаниясының қалдықтармен жұмыс кезеңдері үдерісінің ажырамас бөлігі болғанымен, карантин кезінде бұл шара күшейтілген.   

Ағымдағы жылдың 6 сәуірінен бастап компания дезинфекциялауды 4 кезеңмен жүргізеді: 

  • қалдықтар жиналатын алаңдарда;
  • қалдықтарды көлік құралына тиеу алдында; 
  • қалдықтарды өңдеу және орналастыру орындарына түсіргеннен кейін;
  • ҚТҚ арналған айналымдық бункерлерді немесе медициналық қалдықтарға арналған контейнерлерді жөнелту алдында.

Бүкіл дезинфекциялау процесін West Dala қызметкерлері арнайы қорғаныш киімінде және тыныс алу мүшелері мен көзді қорғайтын құралдарды қолданып жүргізеді.

Іс жүзінде бұл процесс келесідей болады: карантин орындарында компанияның оқытылған қызметкерлері ҚТҚ бар бункерінің орналасқан жерін, содан соң қалдықтарды өңдеу және оларды орналастыру орындарына жеткізетін бункердің өзін және бункер тасымалдаушыны залалсыздандырады. Бұл рәсім қалдықтарды түсіру кезінде бункерді және бункер тасымалдаушысын жаңа шығысқа дайындау кезінде қайталанады.

Дәл осындай алгоритм медициналық қалдықтарды алып кету кезінде де қолданылады: контейнер тұратын алаң, сондай-ақ арнайы автокөлікке тиеу кезінде контейнердің өзі залалсыздандырылады. Әрі қарай медициналық қалдықтар компания обьектілеріне жеткізіліп, ол жерде кезекті залалсыздандырудан кейін термиялық әдіспен кәдеге жаратылады.

West Dala компаниясы мұндай күшейтілген шаралар COVID-19 күрес кезінде қажетті шара болып табылатынын атап өтеді.

 

 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от West Dala (@westdalallp)

 

Толығырақ:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.

West Dala компаниясының жүргізушісі Имашев Ришат НКОК ұйымдастырған тоқсан сайынғы жүргізушілер форумында IVMS есебі бойынша жоғары көрсеткіштері мен қауіпсіз жүргізгендігінің арқасында атап өтілді.

Құрық аудан орталығында Наурыз салтанатты түрде тойланды. Мерекелік жиында облыс әртістері өнер көрсетіп, жастар қошқар көтеру, садақ ату, асық сияқты ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты.

West Dala "Жер Сағаты" халықаралық экологиялық акциясына қосылды.