«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ атты

«Нөлдік көрсеткіштерге жету жолында» тақырыбындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – ҚМГ) Бас директорларының жыл сайынғы форумында Вест Дала өз компаниясының қызметі туралы V көрме аумағында таныстырылды. Шара «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының еңбек қорғау мен қоршаған ортаны сақтаудың ағымдағы жағдайын бағалау және қауіпсіздік мәдениетін жетілдіру мақсатында өткізілді.

Форумның жұмысына ҚМГ мен еншілес және бағынышты ұйымдардың басшылары, бірқатар қазақстандық, шетелдік компаниялардың өкілдері қатысты. Компаниялардың міндеттері мен өзекті мәселелерді талқылауға ең алдымен мердігер ұйымдардың өкілдері шақырылды.

Форумға қатысушыларға алғашқы сәлем сөзді ҚМГ Басқарма Төрағасы Алик Айдарбаев арнап, өз сөзінде ойлау мәдениетінің өзгерісінің және барлық қызметкерлердің еңбек, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартылуының қажеттілігі туралы атап өтті. Сондай-ақ нөлдік көрсеткіштерге жету серіктес және мердігер компаниялардың ең бірінші мақсаты болуы керек екендігі көрсетілді. Ағымдағы жылы ЕҚОҚ нормаларының сақталуына ерекше бақылау орнату керек екендігі жоспарлануда.

«Біздің өндірістік міндеттерімізді іске асыруда ерекше роль атқаратындықтан осы жылы біздер мердігер ұйымдарымыздағы еңбек және қоршаған ортаны қорғау бойынша жұмыстардың тиімділігін қамтамасыз етудің бағдарламасын іске қостық. Бірлесе өзара әрекет ету жағдайды сапалы өзгертуге мүмкіндік береді. Біздің үміттеріміз «ҚазМұнайгаз» компаниялар тобының және барлық мердігер ұйымдардың қызметкерлері әрқашан жұмыстан аман-есен және дені сау кетулеріне бағытталған» – деп атап өтті А. Айдарбаев.

2018 жылдың қауіпсіздік пен еңбек қорғаудың көрсеткіштері бойынша соңғы 4 жылдың ішінде компания үшін үздік жыл болғандығын атап өткен жөн. Сонымен бір мезгілде, компанияның басшылығы келесі кездесуде жағдайды жақсартуға емес, нөлдік көрсеткіштерге жете алмаудың себептерін талқылау міндеттерін қойды.

Бұған қоса, форумда компания қызметінің қоршаған ортаға және су ресурстарын басқарудағы жағымсыз әсерлерін төмендетудің өзекті мәселелері, еңбек қауіпсіздігі мен апаттардың алдын алу мәселелеріндегі компания басшыларының дербес жауапкершілігін күшейту, қауіпсіздік мәдениетін арттыру мәселелері көтерілді.

  

  

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.