ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Компанияның көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық көрсету бойынша дәстүрлі шараларын қолдай отыра, «West Dala» «Вест Дала» ЖШС–нің Ақтаудағы кеңсесі биылғы жылы Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданының балаларына көмектесті. Жаңа оқу жылының алдында компания балаларды мектепке дайындауға қаржы бөлді. Бөлінген қаржыларға мектеп сөмкелері, киім-кешектер және мектеп құралдары алынды.

Компания алынған сыйлықтардың құндылығы мен шын жүректен қуаныштары үшін балалардың ата-аналарына алғыс білдіреді.

  

  

Толығырақ:

West Dala компаниясының мамандары – эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масәлімова 2026 жылғы 2–3 шілде күндері Астана қаласында өткен «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу» X Еуразиялық бизнес-форумына (GEWR’26) қатысты.

West Dala командасы Атырау облысы бойынша Экология департаменті ұйымдастырған «Таза жағалау» экологиялық акциясына қатысып, басқа да ұйымдармен бірге Атырау ықшам ауданының жағалау аумағын тазалау жұмыстарына белсене атсалысты.

Орал қаласында West Dala компаниясы «Өңірдің болашағы: Даму стратегиясы» атты II өңірлік инвестициялық форумға қатысты.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Вест Дала» ЖШС Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінің балаларына қайырымдылық көмек көрсетті. Жиырма бес бүлдіршіннің әрқайсысына «Балалар әлемі» дүкенінен қажетті заттарды сатып алуға арналған номиналы 25 000 теңгелік сыйлық сертификаттары табыс етілді.