ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ

Қалыптасқан дәстүр бойынша West Dala қызметкерлері Атырау қаласында, Мақат, Махамбет, Қызылқоға және Алмалы мен Береке ауылдық округтердегі жаңа жылдық қайырымдылық шараларына қатысты. Қала және аудан әкімдіктерімен ынтымақтастық ұзақ жылдар бойы жалғасып келеді. Біз жыл сайын жаңа жылдық шыршаларға ерекше миссиямен қатысатынымызға қуаныштымыз. Әріптестеріміз жыл сайын балаларды мерекелерімен жеке құттықтап, барлығына тәтті сыйлықтар сыйлайды.

Биылғы жылы жаңа жылдық рюкзак ​​сыйлықтарды Мақатта - 140 бала, Махамбетте - 84, Қызылқоғада -  100 бала, ал Алмалы мен Береке ауылдық округтарында  – 20 бала алды. Атырауда мүгедек балаларды қолдау қорының ерекше балаларға 50 сыйлық табыс етілді.

Желтоқсан айында іс-шараларда 400-ге жуық баланы құттықтауға мүмкіндік алдық. Компания қызметкерлерінің барлық балалары да тәтті сыйлықтарға ие болды.

Мұндай қайырымдылық шаралары әлеуметтік саясаттың бір бөлігі ғана емес, балалар мен олардың ата-аналарының көздерінен қуаныш көруге деген шынайы ниет.

 

 

 

 

Толығырақ:

Форум аясында тұрақты қаржыландыру, шағын және орта бизнесті дамыту, жауапты жеткізу тізбектерін қалыптастыру, сондай-ақ бизнестің әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге қосатын нақты үлесі талқыланды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығы мен «Даму» Халықаралық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен «Экология саласының үздігі» республикалық байқауы өтті.

Экологиялық акцияға «West Dala» компаниясының әртүрлі объектілерінің қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ бұл шараға Атырау облысының Экология департаменті қолдау білдіріп, ортақ мақсатқа өз үлесін қосу арқылы атсалысты.

Қазақстан Республикасы күні қарсаңында West Dala қызметкерлері Атырау облысының Экология департаменті ұйымдастырған Атырау қаласының Самал шағынауданындағы сенбілікке қатысты.