АУДИТ INTERTEK

2018 жылы қаңтар айының сонында Intertek компаниясы Вест Далада №1  бақылау аудитің жүргізді. Аудит кезінде компанияның біріктірілген менеджмент жүйесі толығымен тиімді екендігі және тексеру процессінде сәйкессіздіктердің жоқтығы белгілі болды.

Мұндай компанияның  менеджмент жүйесі аудит  критерийлеріне сай және оны нәтижелі деп есептеуге болады, сондай-ақ ол компанияның мақсаттарын орындауға қамтамасыз етеді.

ISO  14001: 2015, ISO  9001: 2015 және  OHSAS 18001:2007 сертификаттары 2020 жылға дейін ұзартылған.

Толығырақ:

Х. Досмұхамедов атындағы университетте «Қалдықтарды және төгінділерді басқару» тақырыбында дәріс өтті. West Dala компаниясының экологтары — Айнагүл Сагиева мен Ислам Сағынбаев — студенттермен мазмұнды кездесу өткізіп, қалдықтармен экологиялық жауапты жұмыс істеудің негізгі принциптерін түсіндірді. Кездесуде қауіпсіз кәдеге жаратудың заманауи тәсілдеріне, экологиялық жүкті азайтуға және тұрақты ортаны қалыптастырудағы бизнестің рөліне баса назар аударылды.

Атырау облысында талантты жастарды қолдау және олардың ғылыми-зерттеу мен өнертапқыштық әлеуетін дамыту мақсатында «Инновациялық идеялар» байқауы өтті. Байқауға West Dala компаниясының мамандары — эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масалимова қазылар алқасының мүшелері ретінде шақырылды.