«АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ» 13-ШІ СОЛТҮСТІК-КАСПИЙ ӨҢІРЛІК КӨРМЕСІ

Атырауда «Atyrau Oil & Gas 2014» және «Atyrau Build 2014» мұнайгаз және құрылыс екі тақырыбын біріктірген өңірдегі ең ірі көрме болып өтті. Бұл көрме 1-ші және 3-ші сәуір аралығында болып және «Атырау» Спорт Кешенінде орналасты. Шараға ресми қолдау көрсеткендер: ҚР мұнай және газ Министрлігі, ҚР өңірлік даму Министрлігі, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ, Атырау қаласы мен Атырау облысының әкімдіктері, ҚР сервистік компанияларының Одағы және мұнайшы-геологтардың Қазақстандық қауымдастығы. Ұйымдастырушылар – Iteca (Қазақстан) және ITE Group Plc (Ұлыбритания) көрме компаниялары.

«West Dala» «Вест Дала» ЖШС компаниясы №42 көрме стендісінде экспонент түрінде осы аталған шараға белсенді түрде қатысты. Көрмеге келушілер үш күн бойына компанияның жетекші мамандарымен әңгімелесуге мүмкіндіктері болды және мұнайгаз, өндірістік және келісімшарт бөлімінің қызметкерлері өздеріне қойылған сұрақтарға анық, байыпты және көңілді жауап берді.

Көрменің ашылуына арналған кешкі қабылдауда «The Most Innovative Stand Design» – стендісінің дизайнына инновациялық тәсілі үшін компания ұйымдастырушылардан марапатқа ие болды.

Көрменің екінші күні Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Г.И. Дүйсембаев мырзаның қатысуымен ВИП ТУР болып өтті. «West Dala» «Вест Дала» ЖШС компаниясының стендісі де осы аталған ВИП ТУР  тізіміне кірді.  Г.И. Дүйсембаев мырза стендіні мұқият қарап шықты және компания туралы қысқаша ақпарат тыңдады.

«West Dala» «Вест Дала» ЖШС үшін осы аталған көрменің нәтижесі ағымдағы клиенттермен және мердігерлермен қарым қатынастың нығаюы, сонымен бірге жаңа клиенттермен және мердігерлермен болуы мүмкін ынтымақтастықтың дамуы. Сондай-ақ компанияның қызметі тек қана қоқыстарды шығару емес, сонымен қоса қалдықтарды кешенді басқару екенін атап көрсетті!

 

 

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.