West Dala компаниясының мамандары – эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масәлімова 2026 жылғы 2–3 шілде күндері Астана қаласында өткен «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу» X Еуразиялық бизнес-форумына (GEWR’26) қатысты.
Дүниежүзілік қоршаған орта күніне орай және «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Маңғыстау облысының Экология департаменті жергілікті экологиялық белсенділер тобы мен компания өкілдерін марапаттады. Олардың қатарында Маңғыстау облысы «West Dala» ЖШС бас эколог маманы Жанна Байекеева бар. Экологиялық жағдайды жақсарту және саланы дамыту бойынша белсенді жұмысы үшін әріптесіміз ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Нысанбаевтың қолымен алғыс хат алды. Марапаттау барысында Маңғыстау облысы Экология департаментінің басшысы Жалғасбайұлы Армат барлық мамандарды мерекемен құттықтап, табиғатты қорғау, экологияны жақсарту жұмыстарын жалғастыруға тілек білдірді.
Біз де құттықтауларға қосыла отырып, жұмыста одан да биік табыстарға жетуді тілейміз!
.jpeg)