БАЛАНЫ ЖҰМЫСҚА АЛ

«Назарбаев Зияткерлік мектебі» БДҰ «Баланы жұмысқа ал» әлеуметтік жобасын өткізді.

West Dala компаниясы «НЗМ»  7 сынып оқушысы Еламан Нұртазаны өзіне жұмысқа шақырып, осы жобаға қатысты. Жұмыс күні барысында Еламан компанияның қызметкерлерінен сұхбат алды және сұхбат қорытындысы бойынша West Dala компаниясының жұмысындағы өткізген уақыты туралы реферат жазды. Компания тарапынан жоба менеджері Боранбай  Күмісбеков; мұнайгаз секторының координаторы Әсел Ермашева; маркетинг бөлімінің бастығы Индира Медетова және есепші Бибігүл Хасановалар сұхбат берді. Аталған жобаның арқасында Еламан «жұмыс» дегеннің не екенін түсініп қойған жоқ, сонымен бірге қызмет көрсету аясы, ағымдағы жобалар, болашақтағы бағыттар, West Dala компаниясының корпоративтік саясаты туралы мағлұматтар алды.

Мұндай шараларға қатысу біздердің жас ұрпақты тәрбиелеу мен дамуына өз үлесімізді қосуға мүмкіндіктер береді. Осындай жобалар өзінің болашақ оқуының, болашақта өзінің еңбекке орналасуында қажетті білімдер мен кәсіби дағдыларды алудың маңыздылығын сезінуге, сонымен бірге команда да табысты жұмыс жасау үшін қандай сапалар қажет екенін білуге мүмкіндік береді.

Біздің компания болашақта мұндай  әлеуметтік жобаларға қатысуды жоспарлауда.

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.