West Dala компаниясының мамандары – эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масәлімова 2026 жылғы 2–3 шілде күндері Астана қаласында өткен «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу» X Еуразиялық бизнес-форумына (GEWR’26) қатысты.
Гүлдене бер, Атырау!
West Dala қызметкерлері Жайық өзенінің жағалауын көгалдандыру эконауқанына белсенді түрде атсалысты.
Екі күн бойы Атыраудың басқа да табиғатқа бей-жай қарамайтын тұрғындарымен бірге вестдалалықтар Балықшы және Жұмыскер шағын аудандарында көшеттер отырғызды. Қала билігі мен қоғам қайраткері Арман Хайруллиннің бастамасымен бірнеше жылдан кейін өзен бойында жасыл жолақ болмақ.
Ағаш отырғызу - жай ғана науқан емес, бұл толықтай өмірді қолдау: ағаштар көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін шығарады, желден қорғайды және жалпы жылдың кез келген мезгілінде атыраулықтарды қуантпақ.