12-ШІ ОРТАЛЫҚ-АЗИЯЛЫҚ ХАЛАҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ – «ECOTECH 2016» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2016 жылғы конференция Қазақстандағы «Жасыл экономиканы» дамытуға арналды. Бағдарлама үш сессиядан құралды:

  • «Жасыл экономика»: Қазақстанның практикалық тәжірибесі. Мәселелер мен перспективалар;
  • Қазақстанның өндірушілері мен импорттаушыларының кеңейтілген міндеттерін практикалық жүзеге асыру принциптері;
  • «Өнеркәсіптік қалдықтарды басқарудағы Қазақстанның тәжірибесі»: мәселелер мен перспективалар.

Конференцияда төмендегідей спикерлер мен делегаттар қатысты: ҚР Энергетика министрлігі, «Атамекен» ҚР ҰКП, «KazWaste» Ассоциациясы, Тұрақты дамуға арналған табиғатты пайдаланушылардың Қазақстандық Ассоциациясы (КАПУР), Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығы (ТМКҚ), Қазақстандық автобизнестің ассоциациясы (ҚАА), «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, “PriceWaterHouse Coopers” ЖШС, «Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері» ЖШС (РОП), «ПромТехноРесурс» ЖШС, «Экотехникс» ЖШС, Ж.Абишев атындағы химиялық-металлургиялық институт, Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. (NCOC N.V.), «Теңізшевройл» ЖШС, Карачаганак петролиум оператинг, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Матен Петролеум» ЖШС және басқалары.

Конференцияда «West Dala» ЖШС «Өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу саласының даму перспективалары» тақырыбында баяндама жасады.

“KazWaste” қалдықтарды басқару бойынша Қазақстандық Ассоциясының дөңгелек үстелі «Қалдықтарды өңдеу бойынша жер қойнауын пайдаланушылар мен кәсіпорындардың өзара әрекеттесу мәселелеріне» арналды.

  

Толығырақ:

West Dala «Мектепке жол» акциясы аясында балаларды қолдайды. Жаңа оқу жылы қарсаңында West Dala компаниясы аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға «Детский мир» дүкеніне арналған сертификаттар түрінде материалдық көмек көрсетті.

Қалдықтарды басқарудың зияткерлік жүйесі

«West Dala» ЖШС 2005 жылы 18 шілдеде Атырау облысында құрылды және 21 жыл бойы Компания Қазақстан Республикасында қалдықтарды кешенді басқару саласында жетекші орынға ие болып келеді.

West Dala компаниясының мамандары – эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масәлімова 2026 жылғы 2–3 шілде күндері Астана қаласында өткен «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу» X Еуразиялық бизнес-форумына (GEWR’26) қатысты.