10-ШЫ МЕРЕЙТОЙЛЫҚ ОРТАЛЫҚ-АЗИЯЛЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ECOTECH 2014» КӨРМЕ – ФОРУМЫ

Алматыда 17-ші және 19-шы қыркүйек аралығында «Атакент» ҚІЫО табиғатты қорғау технологиялары, қалдықтарды басқару, өнеркәсіптік суларды тазалау және «жасыл» инновациялар бойынша 10-шы Мерейтойлық Орталық-Азиялық Халықаралық «EcoTech 2014» көрме – форумы болып өтті. Көрме – форумға Ұлыбритания, Дания, Германия, Италия, Қазақстан, Қытай, Литва, Польша, Ресей және Финляндия мемлекеттерінен 30-дан астам компания өз экспозицияларын ұсынды. Бұл шараға Қазақстан Республикасының энергетика Министрлігі, Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі, БҰҰДБ, Алматы қаласының Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Жасыл Даму» АҚ ресми қолдау көрсетті.

«West Dala» компаниясы бұл шараға белсенді түрде қатысып, өзінің көрме стендісін ұсынды. Бұдан басқа, компанияның өкілдері «Қазақстандағы қалдықтарды кәдеге жарату бойынша инфрақұрылымдардың дамуы» халықаралық конференциясына, «Өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мен өңдеудің қазіргі заманғы технологиясы» дөңгелек үстеліне, «EcoTech 2014» шеңберінде өткен «KazWaste» Ассоциациясының кезекті мәжілісіне қатысты. Сондай-ақ, өзінің жеке стендісінен басқа Ассоциация мүшесі ретінде «KazWaste» стендісіне және серіктес ретінде «Теңізшевройл» ЖШС стендісіне ұсынылды.

«West Dala» компаниясы үшін аталған шараға қатысудың нәтижесі ағымдағы клинеттер және мердігерлермен қатынастардың нығаюы, сонымен бірге жаңа ынтымақтастықтар дамуының мүмкіндігінің ашылуы болды. Барлық қалдық түрлерін кешенді басқару саласындағы сарапшы бола отырып, компанияның экология бөлімі мен ӨТБ мамандары тапсырыс берушілердің өздеріне қойған сұрақтарына тыңғылықты, тартымды жауап берді, ақпараттармен және кәсіби дағдыларымен алмасты. Компания «Үздік дизайнды стенді» марапатына лайықты деп танылды және «KazWaste» Ассоциациясына мүшелікке қабылданғандығы туралы куәлік алды.

 

 

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.