ВАХТАЛЫҚ ЖҰМЫС

Мұнайгаз өнеркәсібі көптеген күрделі процестерден тұрады және саланың өзінде де, сондай-ақ мұнайсервис компанияларында да адам ресурстарының 24/7 тартуды талап етеді. Вест Дала сервистік компания болып табылатындықтан, ҚР мұнайгаз саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыруға қатысады, ккен орындарындағы қалдықтарды басқару саласында тәулік бойы жұмыстарды жүзеге асыру үшін белгілі бір талаптарды ұстана отырып,  қызметкерлер ұсынады. Сондықтан да, соңғы кездері кейбір жобаларда вахталық жұмыс әдістері енгізілді.

Вахталық жұмыс әдісі – компания қызметкерлерінің тұрақты тұру орындарына күн сайын кері оралуы қамтамасыз етілмейтін, қызметкерлердің тұрақты тұру орындарынан тыс еңбек процесін ұйымдастырудың ерекше түрі. Осыған байланысты қызметкерлер отбасыларымен бірге уақытты аз өткізеді, өздерінің туған-туыстарының атаулы күндерін өткізіп алады, сонымен бірге ұлттық мерекелерде жұмыс істейді.

Мұндай жұмыс әдісі ұзақ уақыттан соң қосымша күйзелістерге, қызметкердің физикалық және рухани жағдайына әсер етуі мүмкін. Сондықтан Вест Дала өз қызметкерлеріне жалғыздықты сезінбеуге, әртүрлі көңілді шаралар арқылы компанияның үлкен бір отбасы екендігін көрсетуге жұмыстанады !!!

Мысалы, компания басшылығы және WD FGP жобасының вахталық қызметкерлері бірлесе отырып, бір-бірін құттықтауларға және игі тілектерге, конкурстарға, лотерияға, биге, әнге ұласатын әртүрлі шараларды тойлап отырады. Адамдардың осындай шараларда ынтымақтастығының арқасында, өздерінің таланттарын көрсетіп, бағалы сыйлықтар алып жатады.

Бір-біріне деген қамқорлығы арқасында басшылық пен компания қызметкерлері өздерінің жобаларын табысты жүзеге асыруда үлкен жетістіктерге жетеді !!!

  

 

Толығырақ:

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқынын соңғы 80 жылдағы ең ауыр табиғи апат деп атады. Сәуір айының басында Қазақстанның 17 облысының 10-ында, соның ішінде Атырау облысында төтенше жағдай режимі енгізілді:

West Dala 2023 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша тапсырыс беруші ТШО компаниясы тарапынан АҚҚБ (автокөлік құралдарын қауіпсіз басқару) үздік көрсеткіштері үшін марапатталғанын қуана хабарлаймыз.