2019 жылдың 2 желтоқсанында Атырау қаласында, баскетболдан «ISKER CUP» VII халықаралық турнирі болып өтті.

Оған:

  • Ресейден: Подольск, Самара, Астрахань қалаларынан 3 команда;
  • Қазақстаннан: Алматы, Атырау қалаларынан 4 команда қатысты.

Турнирдің қорытындысы бойынша командалар төмендегідей орындарға ие болды:

  1. Isker Basketball Team, Атырау
  2. Алматы
  3. Астрахань
  4. Подольск
  5. ВИА, Атырау
  6. EGMG, Атырау

MVP (most valuable player) атағын Подольск командасының ойыншысы – Индриков Максим иеленді.

Вест Дала өздерінің кезекті жеңістерімен құттықтайды.

  

Толығырақ:

West Dala компаниясының мамандары – эколог Айнагүл Сағиева және бас технолог Минара Масәлімова 2026 жылғы 2–3 шілде күндері Астана қаласында өткен «Жасыл энергия және қалдықтарды қайта өңдеу» X Еуразиялық бизнес-форумына (GEWR’26) қатысты.

West Dala командасы Атырау облысы бойынша Экология департаменті ұйымдастырған «Таза жағалау» экологиялық акциясына қатысып, басқа да ұйымдармен бірге Атырау ықшам ауданының жағалау аумағын тазалау жұмыстарына белсене атсалысты.

Орал қаласында West Dala компаниясы «Өңірдің болашағы: Даму стратегиясы» атты II өңірлік инвестициялық форумға қатысты.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Вест Дала» ЖШС Атырау облысы Махамбет ауданы Бейбарыс ауылдық округінің балаларына қайырымдылық көмек көрсетті. Жиырма бес бүлдіршіннің әрқайсысына «Балалар әлемі» дүкенінен қажетті заттарды сатып алуға арналған номиналы 25 000 теңгелік сыйлық сертификаттары табыс етілді.